Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiрудi, бақылау функцияларын және заңнамада әрi осы Кеңсе туралы ережеде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік орган, сондай-ақ мемлекеттiк құпияларды қорғау және ақпараттық қауіпсiздiктi қамтамасыз ету жөніндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган болып табылады.

Кеңсенің миссиясы: Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мен Үкіметінің қызметін ақпараттық-талдау және ұйымдық-құқықтық қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды қорғау саласында бірыңғай саясатты жүзеге асыру.

Кеңсенiң негізгi мiндеттерi мыналар болып табылады: 

- Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi мен Үкiметiнің қызметiн ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық, құжаттамалық және өзге де қамтамасыз ету;

- мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

- мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі құқықтық, әкімшілік, экономикалық, техникалық, бағдарламалық және криптографиялық шараларды әзірлеу;

- мемлекеттiк органдарды ақпараттық-телекоммуникациялық қамтамасыз етудiң бiрыңғай жүйесiн, оның iшiнде ақпараттық дерекқор құру жөнiндегi жұмыстарды үйлестiру; 

- Yкiмет пен Премьер-Министрдің актілерін дайындау және орындау процесінде мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiру; 

- Мемлекет басшысының актілері мен Үкiметке берiлген тапсырмаларының, Yкiмет пен Премьер-Министр шешiмдерiнің, Премьер-Министр, оның орынбасарлары, Кеңсе Басшысы және оның орынбасарлары тапсырмаларының орындалу мерзiмiн бақылау; 

- Премьер-Министр, оның орынбасарлары және Кеңсе Басшысы үшiн олар тиiстi құжаттарға қол қою не оларды келiсу туралы шешiм қабылдауы кезiнде оның нәтижелерi бойынша қорытындының ақпараттық-ұсынымдық сипаты болатын Үкiмет пен Премьер-Министрдің шешiмдерi жобаларының қаржы-экономикалық, құқықтық және өзге де аспектiлерiне сараптама жүргізу.

 

Әдеп жөніндегі уәкіл

 

 

 

Ренат Құрметжанұлы Айтаев - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі бойынша Әдеп жөніндегі уәкіл - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының орынбасары

Байланыс ақпараты:

Астана қ., Мәңгілік Ел көшесі, 6, А 509 кабинет

Мемлекеттік қызметшілерді қабылдау әр айдың бірінші сәрсенбісінде сағат 17.00-ден 18.30-ға дейін жүзеге асырылады.

Өзге де азаматтарды қабылдау маусым, қыркүйек және желтоқсанның екінші сәрсенбісінде сағат 17.00-ден 18.30-ға дейін жүзеге асырылады.

 

 

Кеңсенің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік фельдъегерлік қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесі

 

 

Жарияланды: 16 ақпан 2016

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту