Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi

Премьер-Министрдің Баспасөз қызметі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Баспасөз қызметінің міндеттері мыналар болып табылады:

  1. - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің республикалық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысын ұйымдастыру;
  2. - ҚР Премьер-Министрі және Премьер-Министр Кеңсесінің қызметі туралы БАҚ-ты ресми ақпараттармен жедел қамтамасыз ету;
  3. - ҚР Премьер-Министрінің, Премьер-Министрдің  орынбасарлары мен Кеңсе Басшысының брифингтері мен баспасөз-конференцияларын өткізу;
  4. - Премьер-Министрдің сөйлейтін сөздерінің жобасын дайындауға қатысу;
  5. - БАҚ-тарда мәлімдемелерді, хабарламалар мен баспасөз мәліметтерін және басқа да ақпараттық материалдарды тарату;
  6. - Үкіметтік веб-сайттың қызметін үйлестіру, оның ішінде  бейнематериалдар, фотосуреттер мен баспасөз мәліметтерін жариялау;
  7. - Премьер-Министрдің, Үкімет және Кеңсенің қызметі туралы республикалық және шетелдік БАҚ-тарда жарияланған материалдарды жинау және жедел талдау.

 

БАҚ тіркеу

ҚР Премьер-Министрінің қатысуымен өтетін іс-шараларды жариялап, ақпарат тарату үшін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз-қызметінде тіркелу керек.

Бірінші рет тіркеуден өту үшін ҚР Премьер-Министрі Баспасөз қызметінің басшысы - Баспасөз хатшысының атына жазбаша үлгіде өтінім жіберу қажет. Фирмалық бланкіде тілшінің толық аты-жөні, паспортының немесе жеке куәлігінің көшірмесі және байланыс телефондары көрсетілуі тиіс. Аккредитация 1 жыл мерзімге беріледі.

Байланыс телефондары: + 7 7172 74 59 72, +7 7172 75 00 10

Email: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

ҚР Премьер-Министрі Баспасөз қызметінің жетекшісі - Баспасөз хатшысы - Зарина Нұрланқызы Нұрланова

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшылығының Хатшылығы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Хатшылық қызметінің негізгі бағыттары:

- Үкімет тағайындайтын немесе Премьер-Министрмен келісу бойынша тағайындалатын лауазымдардың тізбесіне кіретін кадрлармен және Кеңсенің кадрларымен жұмыс жүргізу;

- мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласының жалпы саясатын қалыптастыру және кешенді дамыту мәселелері;

- Премьер-Министрді, Үкіметті және Кеңсені мемлекеттік қызметті жетілдіру мәселелері бойынша ақпараттық-талдамалық қамтамасыз етуге қатысу;

- мемлекеттік қызметті жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы заңдарының, Президент, Үкімет пен Премьер-Министр актілерінің, Кеңсе шешімдерінің жобаларын қарау;

- хатшылықтың құзыретіне жататын мәселелер бойынша Президент, Үкімет пен Премьер-Министр шешімдерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыруға қатысу;

- Премьер-Министр орынбасарларының, Кеңсе Басшысының қызметін ұйымдық, ақпараттық-талдамалық, консультативтік қамтамасыз ету.

ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшылығының Хатшылығы меңгерушісі - Амангүл Құмарбекқызы Ыбыраева

Ақпараттық-талдау орталығы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Ақпараттық-талдау орталығы қызметінің негізгi бағыттары:

- Премьер-Министрге елдегі және әлемдегі аса маңызды оқиғалар туралы жедел ақпарат беру;

- Премьер-Министрді Қазақстан өңірлеріне жасалатын сапарларға, жұмыс кездесулеріне және ресми шетелдік іссапарларға арналған ақпараттық-анықтамалық материалдармен қамтамасыз ету;

-Премьер-Министрдің қызметін елдегі және әлемдегі аса маңызды үдерістер бойынша талдамалық қамтамасыз ету.

Ақпараттық-талдау орталығының меңгерушісі - Марлен Болатбекұлы Ибраев

Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің негізгi мiндеттерi мыналар:

- Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мен оның орынбасарларының, Кеңсе Басшысы мен Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету, мемлекеттік органдардың іс жүргізу мен мұрағат ісін ұйымдастыру және жетілдіру жөніндегі жұмысын үйлестіру;

- мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін, оның ішінде ақпараттық дерекқорларды құру мен ақпаратты қорғау (Мемлекеттік органдардың куәландырушы орталығының Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесін (ЭҚАБЖ), Мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасын)   және ЭҚАБЖ одан әрі дамыту жөніндегі жұмыстарды үйлестіруге қатысу;

- Мемлекет басшысының және Президент Әкімшілігінің актілері мен Үкiметке берiлген тапсырмаларының, Yкiмет пен Премьер-Министр шешiмдерiнің, Премьер-Министр, оның орынбасарлары, Кеңсе Басшысы және оның орынбасарлары тапсырмаларының орындалу мерзiмiн бақылау; 

- кеңседе және оның қарамағындағы ұйымдарда құпиялылық режімі мен ақпараттық қауіпсіздіктің сақталуын бақылау.

Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі –Асқар Серікжанұлы Жәкенов

 

Сыртқы байланыстар және протокол бөлімі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Бөлім қызметінің негізгі бағыттары мыналар болып табылады:

- Премьер-Министрдің, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары мен орынбасарларының, Кеңсе Басшысы мен оның орынбасарларының қызметін халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;

- халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша Президент, Үкімет пен Премьер-Министр актілерінің, бағдарламалық құжаттардың орындалуын бақылау;

- бөлім құзыретіне жататын халықаралық шарттардың дайындалу барысын бақылау;

- Премьер-Министрдің қатысуымен өтетін халықаралық сипаттағы іс-шараларды ұйымдық-протоколдық қамтамасыз ету, сондай-ақ оның халықаралық хат-хабарын жүзеге асыру;

- Сыртқы істер министрлігінің қызметіне қатысты мәселелерді үйлестіру.

Сыртқы байланыстар және протокол бөлімінің меңгерушісі - Кәрімов Айдын Мейрамбекұлы

Қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Бөлімнің құрамына:

- құқық қорғау органдары секторы;

- қорғаныс және жұмылдыру дайындығы секторы;

- ақпараттық-талдамалық және инспекторлық жұмыс тобы кіреді.

Бөлімнің негізгі міндеттері:

- Премьер-Министрдің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қызметін қорғаныс қабілеттілігі, құқықтық тәртіп, қылмыстылықпен және құқық бұзушылықтармен күрес, азаматтық қорғау (өнеркәсіптік қауіпсіздіктен басқа), сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мәселелері бойынша ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;

- бағдарламалық құжаттарды, сондай-ақ Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Үкіметі басшылығының және Кеңсе Басшысының қорғаныс қабілеттілігі, құқықтық тәртіп, қылмыстылықпен және құқық бұзушылықтармен күрес, азаматтық қорғау (өнеркәсіптік қауіпсіздіктен басқа), сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мәселелері бойынша актілері мен тапсырмаларын инспекциялауды, олардың іске асырылуын қоса алғанда, бақылау және мониторингтеу;

- қорғаныс қабілеттілігі, құқықтық тәртіп, қылмыстылықпен және құқық бұзушылықтармен күрес, азаматтық қорғау (өнеркәсіптік қауіпсіздіктен басқа), сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мәселелері бойынша кіріс хат-хабармен және нормативтік құқықтық актілердің жобаларымен жұмыс.

Қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімінің меңгерушісі  - Мұрат Қалибекұлы Баймұқашев

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Әлеуметтік-экономикалық бөлімі  Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің  құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Бөлім қызметінің негізгі бағыттары:

- Премьер-Министр мен оның орынбасарларының қызметін ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;

-дайындықты ұйымдастыру;

- Қазақстан Республикасы заңдарының жобалары, Президенттің, Үкімет пен Премьер-Министрдің актілері бойынша қорытындылар;

- депутаттық сауалдар, депутаттардың хаттары және прокурорлық ден қою актілері бойынша Үкімет жауаптарын;

- азаматтар мен жеке тұлғалардың жазбаша өтініштері бойынша ұсыныстар мен қорытындылар;

- Үкімет шешімдерін (ұсыныстарын), оның ішінде интеграциялық процестер шеңберінде дайындауды ұйымдастыру;

Үкіметтің Қазақстан Республикасының Президентіне баяндамаларын дайындауға қатысу;

Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының, Үкімет пен Премьер-Министр актілерінің, Үкімет отырыстары хаттамалық шешімдерінің, Премьер-Министр мен оның орынбасарлары тапсырмаларының орындалуын бақылауды ұйымдастыру.

Бөлімнің құзыреті:

- мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын дайындау, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларының, Үкіметтің бағдарламалық құжаттарының, мемлекеттік органдар меморандумдарының орындалуын мониторингтеу және бағалау мәселелері;

- мемлекеттік жоспарлау жүйесін, мемлекеттік статистика, макроэкономикалық болжау, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын талдау жүйесін қалыптастыру және дамыту, мемлекеттік органдардың қызметін бағалау жүйесін дамыту мәселелері;

- республикалық бюджетті қалыптастыру және оның орындалуы, бюджетаралық қатынастарды, бюджет саласын дамыту, мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу жүйесін жетілдіру, мемлекеттік қарыз алу және борыш, жалпы сыртқы борыш, мемлекеттік органдар туралы ережелерді бекіту мәселелері;

- салық саласы, Ұлттық қор, сыртқы сауда статистикасы, кеден ісі мәселелері (кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеуді қолдану саясатын әзірлеу, жедел-іздестіру қызметі, кеден органдарының құқықтық мәртебесі, кеден органдарында қызмет өткеру тәртібі, экспортты және импортты бақылау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы қару-жарақты, әскери техниканы және қосарланған мақсаттағы өнімді транзиттеу мәселелерін қоспағанда);

- трансферттік баға белгілеу, алкоголь және темекі өнімдерінің өндірісін және айналымын реттеу, бухгалтерлік есеп, аудит және ХҚЕС енгізу, мемлекеттік сатып алу және қаржылық мониторинг (Үкіметтің өкілеттіктері шеңберінде);

- валюталық реттеу және банк саласы (Үкіметтің өкілеттіктері шеңберінде);

- тұтастай алғанда сақтандыру қызметі, қор нарығын дамыту (бағалы қағаздар нарығы бөлігінде) мәселелері;

- халықты әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік қолдау, жинақтаушы зейнетақы жүйесін, еңбек қатынастарын одан әрі дамыту, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау, халықты жұмыспен қамту және еңбек нарығы, әлеуметтік әріптестік мәселелері;

- заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл, азаматтарды, шетелдіктер мен азаматтағы жоқ адамдарды есепке алу және тіркеу мәселелерін, сондай-ақ босқындар мәселелерін қоспағанда, демография, гендерлік теңдік, халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясат мәселелері;

- білім және ғылым, ғылыми-техникалық және білім беру салаларын интеграциялау мәселелері;

- мәдениет, архивтер және кітапхана ісі мәселелері;

- азаматтық қоғам, бұқаралық ақпарат құралдары, контентті толтыру бөлігінде цифрлық телевизияны дамытуға қатысу мәселелері;

- тілдерді дамыту, жастар саясаты, дене шынықтыру және спорт, ұлтаралық және конфессияаралық қатынастар, лотерея қызметі мәселелері;

- азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым мен білім, фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіп (бәсекелестік және субсидиялау мәселелерін қоса алғанда), халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы (бәсекелестік, субсидиялау, кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу мәселелерін қоса алғанда), медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау мәселелері;

- Үкімет пен Кеңсе басшылығының тапсырмасы бойынша өзге де мәселелер.

Әлеуметтік-экономикалық бөлімінің меңгерушісі – Аман Сайлаубекұлы  Бәрекенов

Мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.

«Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Бөлімнің негізгі міндеті мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.

Қойылған міндетті іске асыру мақсатында Бөлім мынадай негізгі функцияларды орындайды:

- мемлекеттік құпияларды және мемлекеттік ақпараттық ресурстарды қорғау жүйесін дамыту және жетілдіру, оның ішінде Үкімет пен Кеңсенің ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы халықаралық іс-шараларда Үкімет пен Кеңсе басшылығының халықаралық кездесулерін, келіссөздері мен әңгімелесуін ұйымдық қамтамасыз етуге қатысу, аталған саладағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту;

- мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында күші бар нормативтік құқықтық актілерді, әдістемелік және өзге де құжаттарды әзірлеу;

 - мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдарға практикалық және әдістемелік көмек көрсету.

 

Өңірлік даму бөлімі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Бөлімнің негізгі функциялары:

- өңірлердің әлеуметтік-экономикалық жағдайын, олардың экономиканың серпінді өсуі үшін жағдай жасау, ауылдық аумақтарды дамыту, өндірістің өсуі және халықтың өмір сүру сапасын жоғарылату үшін өңірлік мүмкіндіктерді пайдалану жөніндегі жұмыс практикасын зерделейді және талдайды, Кеңсе басшылығына жедел мәліметтер, ұсыныстар мен талдамалық материалдар ұсынады;

- жергілікті атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және мемлекеттік органдардың нормативтік актілер мен Үкімет басшылығының тапсырмаларын орындауын тексеруді ұйымдастырады және оны жүзеге асырады, тиісті материалдар дайындайды, оларды жою жөнінде шаралар қабылдау туралы ұсыныстар енгізеді;

- Ауыл шаруашылығы, Инвестициялар және даму министрліктерінің (туризмді дамыту бөлігінде) қызметін жедел жүзеге асыруға бағытталған шаралар кешенін іске асыруды қамтамасыз етеді;

- Премьер-Министрдің және оның орынбасарларының ел өңірлеріне жұмыс сапарларын дайындауды қамтамасыз етеді, сапарлардың қорытындысы бойынша берілген тапсырмалардың орындалуын ұйымдастырады және бақылайды.

Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі - Омаров Ерхан Болатжанұлы

Қаржы-шаруашылық бөлімі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметі мен Премьер-Министрінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ Кеңсе туралы ережені және Бөлім туралы Ережені басшылыққа алады.

Бөлімнің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Кеңсе Басшысы бекітеді.

 Қаржы-шаруашылық бөлімі қызметінің негізгі бағыттары:

- Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің қызметін қаржылық қамтамасыз ету, сондай-ақ Кеңсенің қарамағындағы мекемелердің қызметін қаржылық және бухгалтерлік есептілік бөлігінде үйлестіру;

- Кеңсе басшылығы мен қызметкерлерінің жұмысын шаруашылық, материалдық және ақпараттық-техникалық жағынан қамтамасыз ету;

- Үкімет отырыстарын, селекторлық және кеңейтілген кеңестерді өткізу үшін Кеңсенің аталған іс-шараны дайындауға жауапты құрылымдық бөлімшелерімен және «ҚР Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттарының дирекциясы» РМҚК, ҚР ПІБ, ҚР ПІБ «Инженерлік-техникалық орталық» АҚ, «Қазсатнет» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ тиісті қызметтерімен, басқа да ұйымдармен бірлесіп, залдарды дайындауды ұйымдастыру;

- Кеңсе басшылығы мен қызметкерлерінің жұмысын көліктік қамтамасыз ету;

- барлық ресми үкіметтік басылымдарды (Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағы, Халықаралық шарттар бюллетені және Үкіметтік бюллетень) дайындау, уақтылы шығару және жазылушыларға жіберу;

- қолданыстағы нормативтік актілерге сәйкес Бөлімге жүктелген басқа да функционалдық міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді.

Қаржы-шаруашылық бөлімінің меңгерушісі –Бердібек Қуанұлы Мейірбеков

Индустриялық-инновациялық даму бөлімі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Бөлім қызметінің негізгі бағыттары:

-жетекшілік ететін салаларда Үкімет пен Премьер-Министрдің актілерін дайындау және орындау процесінде мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;

-телекоммуникация және байланыс, радиожиілік спектрі, «цифрлық телехабарларын тарату» саласын (техникалық бөлік) және Интернет желісін дамыту, «электрондық үкіметті» дамыту, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру (ХҚО), пошта байланысы мен пошта-жинақтау жүйесін дамыту, автомобиль жолдарын дамыту, жер қатынастары саясаты, жер ресурстарын басқару,  геодезия және картография, электр және жылу энергетикасын, ядролық (атомдық) энергетиканы, жаңартылатын энергия көздерін, атом, уран өнеркәсібін, тау-кен-металлургия саласын, мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту, арнайы экономикалық аймақтарды, индустриялық-инновациялық аймақтарды дамыту, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, көмір өнеркәсібі және дәстүрлі емес газ, азаматтық авиация, су және автомобиль көлігін, теміржол саласын, көліктік бақылауды, автожол саласын дамыту, көлік логистикасын дамыту, жалпы саясат әзірлеу бөлігінде Дүниежүзілік сауда ұйымы, сыртқы сауда-саттық саясаты, ішкі және биржа сауда-саттығы, экспорттық бақылау, кәсіпкерлікті дамыту,  заңды тұлғалардың банкроттығы, жергілікті қамтуды, рұқсат беру жүйесі және лицензиялау, әкімшілік кедергілерді төмендету, Дүниежүзілік банктің «Дуинг Бизнес» рейтингін жақсарту, мемлекеттік меншікті басқару, жекешелендіру, банкроттық, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, ЭКСПО 2017, инвестициялық және инновациялық саясат, ғарыш қызметі, өңдеу өнеркәсібінің жеңіл және өзге салалары, мұнай-газ өнеркәсібі, мұнай-химия және химия өнеркәсібі, алтын өндіру өнеркәсібі, машина жасау саласы, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, құрылыс индустриясы, тұрғын үй қатынастары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, бәсекелестік, табиғи монополияларды реттеу, техникалық реттеу және метрология, қоршаған ортаны қорғау, қатты тұрмыстық қалдықтар, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ ағымдағы қызметі мен корпоративтік басқаруды дамыту салаларына жататын мәселелер бойынша Үкімет пен Премьер-Министрдің шешімдерін талдау, мониторингтеу және дайындау;

- Қазақстан Республикасын  индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019  жылдарға арналған, «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған, Көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың 2020 жылға дейінгі, «Ақпаратты Қазақстан-2020», «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын, «Жасыл көпір» әріптестігі бағдарламасын, Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды, «Энергия үнемдеу – 2020», «Өнімділік 2020» бағдарламаларын, «Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасын (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру), тұрғын үй құрылысын салу және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлігінде Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын іске асыру бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;

- Премьер-Министрдің, Үкімет пен Кеңсе басшылығының қызметiн ақпараттық-талдамалық және ұйымдық қамтамасыз ету (мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларын қатысу үшін шақыра отырып, Премьер-Министрде, оның орынбасарларында, Кеңсе Басшысында Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша кеңестер өткізуді ұйымдастыру және т.б.);

- тиісті бағдарламалық құжаттардың орындалу барысы туралы Үкіметтің Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына жіберілетін баяндамаларын дайындауға қатысу;

- жетекшілік ететін салаларда Мемлекет басшысының актілері мен Үкiметке берiлген тапсырмаларының, Yкiмет пен Премьер-Министр шешiмдерiнің, Премьер-Министр, оның орынбасарлары, Кеңсе Басшысы және оның орынбасарлары тапсырмаларының орындалу мерзiмiне бақылауды жүзеге асыру;

- Үкімет пен Кеңсе басшылығының тапсырмасы бойынша өзге де мәселелер.

Индустриялық-инновациялық даму бөлімінің меңгерушісі – Ғазиз Қоршабекұлы Шыналиев

Үкіметтің Қазақстан Республикасының Парламентіндегі өкілдігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүдделерін білдіруге және Үкімет пен Премьер-Министрдің Қазақстан Республикасының Парламентімен өзара іс-қимылын жүзеге асыруға уәкілетті Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Өкілдіктің негізгі міндеттері Үкіметтің Парламенттегі заңнамалық бастамасының іске асырылуына мониторинг жүргізу, Үкімет басшылығын заң жобаларының және басқа мәселелердің Парламентте қаралуы туралы тұрақты түрде хабардар ету және оларды депутаттармен талқылау барысында Үкіметтің ресми ұстанымын қорғау, сондай-ақ Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының және Үкімет мүшелерінің Парламент палаталарының жалпы және бірлескен отырыстарына қатысуын, олардың депутаттармен және депутаттық бірлестіктермен кездесулерін ұйымдастыру болып табылады.

Заң бөлімі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Заң бөлімінің негізгі міндеті Премьер-Министрдің, Үкіметтің және Премьер-Министр Кеңсесінің қызметін құқықтық қамтамасыз ету болып табылады.

Құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асыру шеңберінде Заң бөлімі Премьер-Министр, Үкімет және Премьер-Министр Кеңсесі шешімдерінің жобаларын қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкестігі және заңдық техника қағидаларының сақталуы тұрғысынан қарайды, олардың қарарлары, жауаптары, хаттамалық шешімдері жобаларын келіседі, Кеңседе қаралатын құқықтық сипаттағы мәселелер бойынша консультация береді және қорытындылар ұсынады, Үкіметтің заң жобалау жұмыстары жоспарының орындалуын бақылауды және заңнамада жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Заң бөлімінің меңгерушісі – Ержан Нұрланұлы Жиенбаев

Жобалық басқару орталығы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Қазақстан Республикасы Үкіметінің жобалық басқару қызметінің функционалдық құрылымдық жүйесін атқаратын құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Бөлімнің негізгі бағыттары:

- Қазақстан Республикасы Үкіметінде жобалық басқаруды енгізу шеңберінде жобалардың іске асырылуын қадағалау және бақылауды қамтамасыз ету.

- Мемлекеттік органдардың жобаларын әзірлеу және іске асыруға қатысу.

- Жобаларды әзірлеу бойынша мемлекеттік органдардың жүргізген жұмыстарына бақылауды жүзеге асыру.

- Жобаның бағытталған мақсатына жету үшін әр жобаның кешенді шараларын жасақтауға қатысу және олардың іске асырылуын  бекітпес бұрын талдау жүргізу, жобаның мақсатты міндеттерін қанағаттандыру.

- Қазақстан Республикасы Үкіметі атынан мемлекеттік органдар ұсынған жобалар мен кешенді шаралардың уақытылы қарастырылуына және бекітілуіне жәрдемдесу.

- Жобаларды іске асыру бойынша ұсынылған кешенді шараларды енгізуге және іске асыруға қатысты қадағалау және бақылау жүргізу.

- Премьер-Министр, және оның орынбасарларын Премьер-Министрі Кеңсесінің құрылымдық бөлімшелері және мемлекеттік органдардағы жобалық қызметтің барысы туралы ақпараттық-сараптамалық қамтамасыз ету.

Жобалық басқару орталығының басшысы –

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту