Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi

Қаржы-шаруашылық бөлімі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметі мен Премьер-Министрінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ Кеңсе туралы ережені және Бөлім туралы Ережені басшылыққа алады.

Бөлімнің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Кеңсе Басшысы бекітеді.

 Қаржы-шаруашылық бөлімі қызметінің негізгі бағыттары:

- Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің қызметін қаржылық қамтамасыз ету, сондай-ақ Кеңсенің қарамағындағы мекемелердің қызметін қаржылық және бухгалтерлік есептілік бөлігінде үйлестіру;

- Кеңсе басшылығы мен қызметкерлерінің жұмысын шаруашылық, материалдық және ақпараттық-техникалық жағынан қамтамасыз ету;

- Үкімет отырыстарын, селекторлық және кеңейтілген кеңестерді өткізу үшін Кеңсенің аталған іс-шараны дайындауға жауапты құрылымдық бөлімшелерімен және «ҚР Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттарының дирекциясы» РМҚК, ҚР ПІБ, ҚР ПІБ «Инженерлік-техникалық орталық» АҚ, «Қазсатнет» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ тиісті қызметтерімен, басқа да ұйымдармен бірлесіп, залдарды дайындауды ұйымдастыру;

- Кеңсе басшылығы мен қызметкерлерінің жұмысын көліктік қамтамасыз ету;

- барлық ресми үкіметтік басылымдарды (Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағы, Халықаралық шарттар бюллетені және Үкіметтік бюллетень) дайындау, уақтылы шығару және жазылушыларға жіберу;

- қолданыстағы нормативтік актілерге сәйкес Бөлімге жүктелген басқа да функционалдық міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді.

Қаржы-шаруашылық бөлімінің меңгерушісі –Бердібек Қуанұлы Мейірбеков

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту