Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі, 010000,
Нұр-Сұлтан қаласы, Үкімет Үйі, анықтама телефондары: (7172) 745429, (This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.) бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі мемлекеттік қызметшілерінің арасында ішкі конкурс жариялайды:

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Мемлекеттік құпияларды қорғау және арнайы байланыс түрлері бөлімінің бас консультанты (В-4, 1 бірлік), лауазымдық жалақысы еңбек еткен жылдарына қарай 199 091 теңгеден 268 109 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік құпияларды және қызметтік ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету. Мемлекеттік құпияларды техникалық қорғау іс-шаралар жүргізу.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары: техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компьютерлік модельдеу, радиотехника, электроника және телекоммуникациялар), құқық (құқықтану, халықаралық құқық), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару, мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету) болғаны жөн.

Жарияланды: 03 шілде 2017

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту