Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (http://economy.gov.kz/) стратегиялық жоспарлау, салық және бюджет саясаты, сондай-ақ кеден ісі саласындағы саясат, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу және борыш, мемлекеттік-жекешелік әріптестік, мемлекеттік инвестициялық жобалар, бәсекелестікті қорғау және монополиялық қызметті шектеу, табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар, халықаралық экономикалық және қаржы қатынастары, оның ішінде халықаралық экономикалық интеграцияны реттеу, сыртқы сауда қызметін реттеу және дамыту, сауда қызметін реттеу, мемлекеттік активтерді басқару, оның ішінде корпоративтік басқару сапасын арттыру, мемлекеттік басқару жүйесін дамыту, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты дамыту, жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру, халықтың көші-қоны, мемлекеттік материалдық резерв;

      - өңірлік даму, жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық, елді мекендердің шекарасы (шектері) шегінде сумен жабдықтау және су бұру, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау және газбен жабдықтау салаларындағы мемлекеттік реттеу, жер ресурстарын басқару, геодезиялық және картографиялық қызмет;

      - тиiстi тауар нарықтарында бәсекелестiктi қорғау және монополиялық қызметтi шектеу, мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті бақылау және реттеу, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестiрудi және өзге де арнайы атқарушылық, рұқсат ету және бақылау функцияларын;

      - телекоммуникация және почта байланысы аясындағы салаларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда реттеу мен бақылау, сондай-ақ «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес энергия өндіруші және энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың қызметін бақылау мен реттеу;

      - мемлекеттік статистикалық қызмет саласындағы саясатты;

      - тұтынушылардың құқықтарын қорғау, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы, тұтынушыларға өткізілетін өнімдер мен көрсетілетін қызметтер бойынша техникалық регламенттермен және нормативтік құжаттармен белгіленген талаптардың сақталуын бақылау және қадағалау, сондай-ақ тағам өнімдерін өткізу сатысында оның қауіпсіздігі саласында басшылықты, салааралық үйлестіруді, стратегиялық, реттеуші, бақылау-қадағалау, іске асыру және рұқсат ету функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады. 

Руслан Ерболатұлы Дәленов

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

 

 

 

1975 жылғы 8 ақпанда туған.

1999 жылы Стамбул қаласындағы (Түркия Республикасы) Мармара университетін экономист мамандығы бойынша бітірген.

1999 жылдан 2002 жылға дейін – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігінде жетекші маман, бөлім бастығы, Басқарма бастығының орынбасары, Басқарма бастығы.

2002 жылғы наурыздан 2002 жылғы қыркүйекке дейін – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі Кірістерді талдау және болжамдау департаментінің Талдау және болжамдау басқармасының бастығы.

2002 жылғы қыркүйектен 2003 жылғы мамырға дейін – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Кірістер, конвенциялар және келісімшарттар департаментінің Ағымдағы кірістер басқармасының бастығы.

2003 жылғы мамырдан 2003 жылғы қыркүйекке дейін – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Кірістерді талдау және ағымдағы болжамдау басқармасының бастығы.

2003 жылғы қыркүйектен 2005 жылғы қаңтарға дейін – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Кірістерді талдау департаментінің директоры.

2005 – 2008 жылдары жеке секторда жұмыс істеген.

2008 жылғы наурыздан 2017 жылғы сәуірге дейін – Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі.

2017 жылғы сәуірден 2019 жылғы 25 ақпанға дейін – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министрі.

2019 жылғы 25 ақпаннан бастап — Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі.

«Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін», ІІ дәрежелі «Еуразиялық экономикалық одағын құруға қосқан үлесі үшін» медальдарымен, ҚР ҚМ «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісімен, «Астананың 10 жылдығы», «Казақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарымен марапатталған.

 

Жарияланды: 07 тамыз 2014

Мұрағат

Тамыз
2014
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту