ҚР Үкіметінің отырысында ұлттық экономика министрі Қ. Бишімбаев Қазақстанда қаржылық секторды дамыту және транзиттік әлеуетті арттыру үшін салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша заң актілеріне енгізілетін түзетулер аясында жоспарланған бірқатар шаралар туралы айтты.

«Еліміздің транзиттік әлеуетінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін заңға түзетулер енгізу ұсынылып отыр. Оған сәйкес тауарларды теміржол-паромдық көлікпен тасымалдау халықаралық деңгейге жатқызылатын болады, яғни енді мұндай тасымалдауға (мультимодальді тасымалдау) нөлдік мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынады. Бұл норма Қазақстан арқылы транзиттік тасымалдауларды ынталандыруға жол ашады», - деп атап өтті министр.

Министр сонымен қатар аталған заң жобасы аясында қаржылық сектор бойынша түзетулер енгізу қарастырылғанын жеткізді.

«Олар «Қайта қаржыландыру бағдарламасы» аясында ипотекалық тұрғын үй займдары бойынша банктердің алдында берешек қарыздары бар қарыз алушыларға көмек көрсетуге бағытталады», – деді Қ.Бишімбаев.

Сонымен қатар министрдің айтуынша, заңға енгізілетін түзетулер үмітсіз және күмәнді несиелер бойынша қарыз жүктемесін төмендету құралдары негізінде банктердің қарыз портфеліндегі үмітсіз қарыздар деңгейін төмендетуге, қаржылық қызметті тұтынушыларды қорғауды күшейтуге бағытталған.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 05 қазан 2016

Мұрағат

Қазан
2016
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту