Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ҚР Үкіметі жанындағы Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысын өткізді.

Кеңес барысында ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов ірі жол-көлік оқиғалары мен автокөлік жолдарының аса қауіпті учаскелеріндегі апаттардың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы есеп берді.

ІІМ-нің деректері бойынша, соңғы үш жыл аралығында автопарктер санының артуына қарамастан, елімізде апаттылық көрсеткішінің төмендеу үрдісі байқалған. Биыл жол-көлік оқиғаларының саны 5,7%-ға, ал қаза тапқандардың саны 3,2%-ға және жараланғандар саны 3,8%-ға төмендеді.

Ірі жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері - жылдамдықты арттыру, қарсы қозғалыс жолағына шығып кету, жол қозғалысы қатысушыларының жолда шаршап кетуі, көліктің апаттық-қауіпті жерінің болуы.

Отырыс қорытындысы бойынша Премьер-Министр уәкілетті органдарға бірқатар тапсырмалар берді. 

www.primeminister.kz

           

Жарияланды: 21 желтоқсан 2016

Мұрағат

Желтоқсан
2016
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту