Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 27 желтоқсандағы № 859 Қаулысымен Марат Рахмалиұлы Нұрғожин  ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Бұл лауазымында Нұрғожин Қазақстан Республикасы ғарыш қызметінің даму мәселелеріне жетекшілік ететін болады.

Марат Нұрғожин 1957 жылы 30 маусым күні дүниеге келген. 1980 жылы Н.Э. Бауман атындағы Мәскеу жоғары техникалық училищесін үздік бітірген, техникалық ғылымдар докторы, профессор.

Еңбек жолын Қарағанды политехникалық институтынан бастап, онда кіші ғылыми қызметкерінен бірінші проректорына дейін өсті. 2004 жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің департамент директоры лауазымына тағайындалды.

Әр жылдары Әкімшілік басшысы, ҚР БҒМ Аэроғарыш комитетінің төрағасы, «Самғау» Ұлттық ғылыми-технологиялық холдинг» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, басқарма мүшесі секілді лауазымдарды атқарған.

2008 жылы «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясы» АҚ бірінші вице-президенті, 2013 жылдың тамызында - президентінің міндетін атқарушы лауазымына тағайындалды.

Нұрғожин белсенді ғалым, 250-ден астам ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстың, монографияның, оқулықтың және оқу әдістеменің, патенттің, авторлық куәліктің және зияткерлік меншік туралы куәліктің авторы.

ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болып тағайындалуына дейін Нұрғожин «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ президенті қызметін атқарды.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары: «Кұрмет» орденімен, Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен, мерейтойлық медальдармен, «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері» және «Қазақстан Республикасы ғылымын дамытудағы жетістіктері үшін» төсбелгілермен марапатталған.

ҚазАқпарат 

Жарияланды: 28 желтоқсан 2016

Мұрағат

Желтоқсан
2016
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту