Спорт, көлік және қоғамдық нысандар, сонымен қатар қала қызметтері Алматыда Универсиада-2017-ні өткізуге толығымен дайын. Бұл туралы аталған шараға әзірлік барысына арналған ҚР Үкіметі отырысында белгілі болды.

Алматы әкімі Б. Байбек бүгінде мәлімделген 60 елдің 57-сі тіркеуден өткенін, бұл қысқы Универсиада үшін рекордтық көрсеткіш болып саналатынын айтты. 45 ел үшін визасыз кіру қамтамасыз етіледі, қалған 12 команда жеңілдетілген түрде виза алатын болады. 

Инфрақұрылым туралы айтар болсақ, барлық жаңа нысандар пайдалануға берілген, бұрыннан бар нысандарды жаңарту жұмыстары аяқталды, тек аздаған визуалды түрде безендіру жұмыстары қалды. Бұдан өзге, атлетикалық ауыл мен қала қызметтері саласында сервисті жақсарту бойынша мақсатты бағытталған жұмыстар жүргізілуде.  

Ауыл 20 қаңтарға қарай 100% дайын болады деп жоспарланған. Қатысушылардың алғашқы келуі 23 қаңтарға белгіленген – бұл Қазақстан мен Канада командалары. Ең көп келушілер 26 қаңтарда болады, ол күні 24 елден 700-ден астам атлет келеді. Барлығы 2200 атлет және 1000-нан астам алып жүруші қонақтар – жаттықтырушылар, дәрігерлер, ресми өкілдер келеді деп күтілуде. 25-29 қаңтар аралығында атлетикалық ауылда келген командалар үшін қарсы алу бойынша салтанатты рәсімдері өтеді. Атлетикалық ауыл мэрі олимпиада чемпионы Серік Сәпиев болды.

Универсиада қарсаңында әуежай мен Алматы вокзалдарының қызметі мен безендірілуі айтарлықтай жақсартылған. Бірнеше рет осы нысандарда қызмет көрсету сапасын арттыру, ішкі интерьер, лаңкестікке қарсы және санитарлық қауіпсіздік тұрғысынан тексерістер жүргізілген. Барлық проблемалық мәселелер шешілген. 20 қаңтарға қарата 100% дайындық қамтамасыз етіледі. Осыған ұқсас жұмыстар қоғамдық тамақтану орындарының субъектілерімен және қонақ үйлерде жүргізілді.

Бұдан өзге, Алматының, Универсиаданың туристік карталары, сонымен қатар мейрамханалық жолсілтемелер әзірленген.

Қала қызметтерінің дайындығы туралы айтар болсақ, қалалық жедел штаб құрылған. Ол тәулік бойы қызмет көрсететін болады, өткен аптадан бастап Универсиада туралы барлық ақпаратты алуға болатын Call-орталық қызмет көрсетуде.

Еске сала кетейік, Бүкіләлемдік қысқы Универсиада Алматы қаласында 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтеді. Алдағы жарыстарға әлемнің 60 елінен 2000-нан астам спортшы қатысады деп жоспарланған. Барлығы 12 спорт түрі бойынша 86 медальдар жиынтығы ойнатылады.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 17 қаңтар 2017

Мұрағат

Қаңтар
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту