ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Астанада Сирия мәселесін реттеу бойынша халықаралық кездесу кезінде сириялық үкімет делегациясының басшысымен, САР-дың БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Башар Аль-Джафаримен кездесті.

Қайрат Әбдірахманов алдағы болатын Сирия үкіметі мен оппозициясы делегациялары басшыларының кездесуін БҰҰ аясындағы Женева бейбіт келіссөздерінің келесі кезеңіне дайындықтың маңызды бөлігі екендігін айтты. Сондай-ақ ол Астананың Сириядағы гуманитарлық жағдайды жеңілдетуде және Сирия халқына тиісті көмекті беруде зор үлес қосып келе жатқандығын атап өтті. Қазақстан және Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бұл жолда ары қай да еңбек ете бермек.

Екі тарап басшылары Қазақстан халқына және басшылығына Сириядағы қарулы қақтығысты реттеу мәселесіне қосып жатқан үлесі үшін алғыс айтты.

ҚазАқпарат

Жарияланды: 22 қаңтар 2017

Мұрағат

Қаңтар
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту