Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев макаолық «Macau Legend Development Ltd» компаниясының тең төрағасы және атқарушы директоры Дэвид Чоу бастаған өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығының қалдықтарын кешенді қайта өңдеуге бағытталған «Macau Legend Development Ltd» компаниясымен серіктестік мәселелері талқыланды.

Қатысушылардың пікірінше жобаны жүзеге асыру құрал-жабдықтар өндірісіне, өнеркәсіптің экологиялық қауіпсіз секторларына, заманауи регенерациялық және органикалық егіншілік, ауыл шаруашылық туризмі мен басқа аралас салаларға инвестиция ағынын тартуға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, өндіріс логистикалық және көліктік қызметтердің дамуын ынталандырып, жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал етеді.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 24 қаңтар 2017

Мұрағат

Қаңтар
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту