ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арысындағы арнайы мақсаттағы бөлімшелердің оқу-жаттығуларын өткізу кезінде қабылдаушы тараптың қолдау көрсетуі туралы өзара түсіністік меморандумын ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды.

«Моморандумға өткен жылы 20 қаңтарда қол қойылды. Құжаттың мақсаты тараптардың міндеттемелері мен жауапкершілігін белгілеу болып табылады. Сонымен қатар оқу-жаттығу өткізу кезінде қабылдаушы тараптың қолдау көрсетуінің негізгі қағидаттарын айқындайды»,-деді ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаров заң жобасын таныстыру барысында.

Оның сөзіне қарағанда, меморандумның ережелеріне сәйкес, оқу-жаттығу өткізу барысында қабылдаушы тарап жіберуші жақтың бөлімшелеріне техника мен қару-жарақты әкелуде, мемлекет ішінде алып жүруде, жолдарды пайдалануда рұқсат етеді. Сондай-ақ жеке құрамды қамтамасыз етіп отырған сапада жіберуші тараптың бөлімшесін тегін орналастырады. Жанармай, көлік және байланыс құралдары беріледі, медициналық бағытта қызметтер көрсетіледі.

«Өз кезегінде жіберуші тараптың бөлімшесі қабылдаушы мемлекеттің заңнамасын және оқу-жаттығуларды өткізудің жоспарында нақтыланған рәсімдерді сақтайды. Жаттығулар Қазақстан мен Түркия қарулы күштері арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің кәсіби деңгейінің жауынгерлік даярлығын арттыруға ықпал ететін болады. Сондай-ақ әскерлердің арасындағы өзара іс-қимыл мәселелерін пысықтауға мүмкіндік беретінін атап өткен жөн»,-деді Т. Мұхтаров.

ҚазАқпарат

Жарияланды: 25 қаңтар 2017

Мұрағат

Қаңтар
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту