Бүгін Қазақстан Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев нидерландылық тараптың бастамасымен Нидерланды Премьер-Министрі Марк Рюттемен телефон арқылы сөйлесті.

Сұхбат барысында екіжақты сауда-экономикалық қарым-қатынасты дамытудың өзекті мәселелері, сонымен қатар, биыл маусым айында Астанада өтетін Қазақстан-Нидерланды Іскерлік кеңесінің үшінші отырысына дайындық мәселелері қарастырылды.

Сондай-ақ, Қазақстан Премьер-Министрі мен Нидерланды Премьер-Министрі энергетика, ауыл шаруашылығы, көлік және транзит, ғылым және жаңа технологиялар саласындағы ынтымақтастық әлеуетін талқылады. Б. Сағынтаев жетекші нидерландылық компанияларды Қазақстанның индустриалды-инновациялық және инфрақұрылымдық даму бағдарламаларын іске асыру жұмыстарына қатысуға шақырды.

М. Рютте Нидерландының ұлттық павильоны қойылатын, Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысуға Нидерланды дайындығын аяқтап қалғанын айтты. Нидерландының ұлттық күніне қатысу үшін ЭКСПО-ға осы елдің ресми делегациясы келеді деп жоспарлануда.

Анықтама:

Нидерланды Қазақстанның басты инвесторларының бірі (ТШИ көлемі – шамамен 60 млрд доллар) және ЕО елдері арасындағы негізгі сауда серіктестерінің бірі (2016 жылғы сыртқы сауда айналымы - 3 млрд доллардан астам).

www.primeminister.kz

Жарияланды: 25 қаңтар 2017

Мұрағат

Қаңтар
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту