Бюджет қосымша экономикалық белсенділік, салық базасын кеңейту және жеңілдіктерді оңтайландыру есебінен толықтырылады, деп мәлімдеді ҚР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Үкімет отырысының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясында.

Т. Сүлейменов 2016 жылдың соңында Ұлттық қорды басқарудың жаңа тұжырымдамасы қабылданғанын еске салды, ол трансферт мөлшерін 2,8 трлн теңгеден 2020 жылы 2 трлн теңгеге дейін қысқартуды қарастырады. Келесі жылдан бастап үш жылдық бюджетте трансферттің біртіндеп азаюы қарастырылады.

Жеткіліксіз қаржыландыру қайдан алынады деген сауалға Т. Сүлейменов бюджетті толықтырудың негізгі көзі қосымша экономикалық белсенділік болуы тиіс, ол мемлекеттік бағдарламалардың көптігінен қалыптасады деп жауап берді.

Бұл мәселеде салық базасын кеңейту де маңызды. Министрдің айтуынша, салық базасы кәсіпкерлік белсенділікті кеңейту есебінен оңтайландырылады.

«ЖІӨ өсімі жаңа экономикалық операторлардың пайда болуын болжайды. Сәйкесінше, олардың бәрі салық төлеушілер болып табылады, және біз ақшаны олардың экономикалық белсенділігінің пайда болуынан аламыз. Бірақ, салықтарды арттыру есебінен емес», – деді Ұлттық экономика министрлігінің басшысы.

Бюджетті толықтырудың тағы бір көзі – жеңілдіктерді оңтайландыру. Алайда, министрдің айтуынша, бұл оларды толық алып тастауды білдірмейді.

«Бұл тиімсіз пайдаланылатын, қоғам мен мемлекет үшін қажеттілігі тұрғысынан өз пайдасын тауысқан жеңілдіктер алып тасталынатынын білдіреді», – деп атап өтті Т. Сүлейменов.

Қорытындылай келе, ұлттық экономика министрі Ұлттық қордан трансфертті қысқарту мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерді орындауына ешқалай әсер етпейтінін айтты. Салықтық әкімшілендіруді жақсарту бойынша одан әрі жұмыс жүргізіледі.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 31 қаңтар 2017

Мұрағат

Қаңтар
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту