Қазақстанда жылжымайтын мүлікті тіркеу мен Жер кадастрын біріктіру жоспарлануда. Бұл туралы бүгін ҚР Әділет министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Марат Бекетаев мәлім етті.

«Жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу саласындағы мемлекеттік қызметті оңтайландыру мақсатында оларды министрліктен «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясына беру жоспарлануда. Қазіргі уақытта біз бұл мәселені Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен талқылаудамыз. Егер бұл тәжірибе  жемісті жүзеге асырылса, онда оны мемлекеттік қызметтің басқа да түрлеріне қолданатын боламыз», - деді ол.

Бұнан бөлек, министрдің айтуынша, Ауыл шаруашылығы министрлігімен «Бірыңғай кадастр» ақпараттық мәліметтер базасын құру туралы мәселе талқылану үстінде.

«Бұл база Жылжымайтын мүлік тіркелімі мен Жер кадастрын біріктіреді деп көзделуде. Соған сәйкес жер мен жылжымайтын мүлікті тіркеу жеңілдетілетін болады», - деді Бекетаев.

Сонымен қатар ол Әділет министрлігі сұранысқа ие бизнес пен меншік құқығын тіркеу саласындағы мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімін оңтайландырғанын атап өтті. Мәселен, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу мерзімі 1 жұмыс күніне дейін, ал хабарлама жасау тәртібіндегі қызметтер 1 сағатқа дейін қысқарғанын айтты.

ҚАЗАҚПАРАТ

Жарияланды: 10 ақпан 2017

Мұрағат

Ақпан
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту