Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов «Павлодар мұнай химия зауыты» АҚ ұжымымен кездесу кезінде Қазақстанда экономикалық өсімді қамтамасыз ететін және Қазақстанды 30 дамыған ел қатарына қосуға бағытталған жоспарлармен бөлісті.

«2025 жылға дейін басты салаларды технолигиялық тұрғыда қайта жабықтау жүргізіледі. Бұл еңбек өнімділігін едәуір арттырады. Әлемдік нарықта бәскеге қабілетті қазақстандық өнім экспорты көлемін арттырып, жағрапиясын кеңейту жалғасадаы», – деді министр.

Тұтынушыға мемлекет субсидялайтын банктен ипотекалық несие беріледі. «Тұрғын-үй құрылыс жинақ банкі» арқылы салымшыларға несиеге берілетін баспана құрылысы қаржыландырылады. Сондай ақ, кезекте тұрғандар өңірлік баспана қорлары арқылы арендалық пәтерге қол жеткізе алады. Мемлекет 7% пайызын сусбсидиялайды. Осы арқылы соңғы пайыздық үстемақы 10% ға дейін төмендейді. Несиенің шекті сомасы белгіленген. Астана мен Алматыда 20 млн, өңірлерде 15 млн теңгеге дейін беріледі", -деді Сүлейменов.

«Біздің стратегиялық мақсаттарымыздың бірі 2050 жылы ІЖӨ-де ШОБ-тың үлесі 50% құрауы керек»,- деді Сүлейменов. Үкімет жайлы бизнес орта жасау үшін, барлық жұмыстарды жалғысатырды . Оның ішінде бизнес нақты жұмыс істеп жатқан өңірлерге көңіл бөлінеді.

Министр «2017 жылы шағын кәсіпкерлік бастамаларды қолдауға қалаларда 2,5 мың адамды қамтуға 10 млрд. теңге, ауылдарда 3 мың адамды қамтуға 27 млрд теңге бөлінгенін», - айтты.

Сондай ақ, Сүлейменов «Бастау бизнес» жобасы туралы баяндады. Оған еңбекпен қамту орталығында тіркеліп, тіркелмегініне қарамастан жұмыссыздар, өзін өзі жұмыспен қамтып отырған азаматтар, кәсіпкерлік әлеуеті бар, ауылда және аудан орталыытарында тұратын адамдар қатыса алады. Мемлекет кәсіпкерлікке оқтып, шәкіртақы төлейді. «Жыл сайын республика бойынша кемі 30 мың адам қамтылады. Бірінші жылы 15 мың адамды оқытамыз», - деп хабарлады министр.

Оған қоса, бизнеске түсетін салмақты азайту үшін, дамыған елдердің тәжірибесі негізінде бизнесті бақылаудан босату шаралы қабылданады. Бәсекелестікке кедергі келтіретін заңдағы барлық тармақтар сүзгіден өтеді.

«Нәтижесінде 2020 жылы экономикадағы мемлекеттің қатысуы ІЖӨ көлемінде 15% ға дейін төмендеп, ЭБДҰ елдерімен пара пар болады» - деді министр.

Ол үшінші басым бағыт макроэкономикалық тұрақтылық деді. «Ұлттық Банктің ақша-несие саясаты орта мерзімде кезең кезеңімен инфляция деңгейін 3–4% төмендету. Түрлі құнды қағаздарды сақтау, тұрғындар өз жинақтарын инвестициялай алатындай 2017-2018 жылдары отандық қор нарығы жұмысын жетілдіруді көздеп отыр» - деді Сүлейменов.

ҚР ҰЭМ Баспасөз қызметі

Жарияланды: 17 ақпан 2017

Мұрағат

Ақпан
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту