sag1

Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы қаралды.

Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, қаулы жобасы Бюджеттік кодекс талаптарына сәйкес әзірленген және жергілікті атқарушы органдарға 377,3 млрд теңге сомасында мақсатты трансферттер сомасын бөлуден; 250,1 млрд теңге сомасындағы 2017 жылға арналған басымдықты республикалық бюджеттік инвестициялар тізімінен; кейінге қалдыру шарттарымен 113,1 млрд теңге сомасында басымдықты республикалық бюджеттік инвестициялар тізімінен; жалпы сомасы 438,6 млрд теңгені құрайтын, 147 позиция көлеміндегі 2017 жылға арналған мемлекеттік тапсырмалар тізімінен тұрады.

«Бұдан өзге, 1,5 млрд теңге сомасындағы 2016 жылдың  республикалық бюджетінен бюджеттік қаражат қалдықтарының есебінен тиісті бюджеттік бағдарламалардың жылдық жоспарлық міндеттерін ұлғайту ескерілген. Сондай-ақ, қаулы жобасы 4,2 млрд теңге көлеміндегі 2016 жылғы республикалық бюджеттен бөлінген мақсатты трансферт сомасын жергілікті атқарушы органдарға 2017 жылы дамуға толығымен пайдаланудан тұрады», - деді Б. Сұлтанов.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 21 ақпан 2017

Мұрағат

Ақпан
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту