Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов қазақстандық жауынгерлерді жіберу үшін БҰҰ-ның ең қауіпсіз миссияларын таңдауға уәде берді.

«БҰҰ миссияларына қатысу мәселелерін қарастыру кезінде біздің жауынгерлердің қауіпсіздігі секілді маңызды факторды ескеретінімізді атап өткен жөн. Яғни біз ең қауіпсіз миссияларды таңдайтын боламыз. Әрине, заңнамаға сәйкес, барлық аталған жұмыстар Парламентпен өзара тығыз іс-қимылда жүзеге асырылады»,-деді министр.

Осы орайда ол Парламент мандатына сәйкес, БҰҰ миссияларына қазақстандық әскери байқаушыларды бағыттау тәжірибесі 2014 жылы басталғанын еске салып өтті. Соның қатарында батыс Сахарадағы референдум барысын байқау бойынша БҰҰ миссиясы, сондай-ақ Кот-де'Ивуардағы шаралар қамтылып отыр. Осыларда 11 адам өз қызметін атқарды. Қазіргі уақытта батыс Сахарада төрт байқаушы қызметін жалғастыруда.

«Атап айтқанда бұл бағытта құқықтық база құрылды. 2015 жылы бітімгерлік қызмет туралы заңнама қабылданды. Бұл шаралар өте маңызды кезеңде іске асырылды, яғни БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне сайлау бойынша біздің кампания кезінде атқарылған еді», - деді ҚР СІМ басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан алдағы екі жылдық кезеңге Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде өз жұмысын бастады.

ҚазАқпарат

Жарияланды: 13 наурыз 2017

Мұрағат

Наурыз
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту