Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің ұжымына жаңа басшы – Нұрлан Алдабергеновты таныстырды.

Мемлекет басшысы Н. Назарбаевпен келісілген түрде, ҚР Үкіметінің қаулысымен Алдаберген Нұрлан Шәдібекұлы ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы қызметіне тағайындалды.

«Премьер-Министр Кеңсесі алдына еліміздің Үшінші жаңғыруы мен Ұлт жоспарын іске асыру аясындағы Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау жұмыстарын үйлестіру, Премьер-Министр және Үкімет қызметтерін ұйымдастыру жөнінде маңызды тапсырмалар қойылды», - деді Б. Сағынтаев.

ҚР Премьер-Министрі Кеңсенің жаңа басшылығына бірқатар нақты тапсырмалар жүктеп, оларды іске асыру жұмыстарына табыс тіледі.

Анықтама:

Алдабергенов Нұрлан Шәдібекұлы – 1962 жылы 19 қарашада дүниеге келген. 1984 жылы Алматы сәулет-құрылыс институтын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша тәмамдаған. 2005 жылы Д.А. Қонаев атындағы университетті заңгер мамандығы бойынша бітірген. Табиғи монополияларды реттеу агенттігінде қызмет еткен. 2011 жылдан бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның алқа мүшесі - министрі болды.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 27 наурыз 2017

Мұрағат

Наурыз
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту