Бақытжан Сағынтаев Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында өңірдегі ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың өкілдерімен өндірісті технологиялық жаңғырту мәселелері бойынша кездесу өткізді.

Кеңес барысында Ақтөбе облысының әкімі Б. Сапарбаев пен өңірдегі ірі кәсіпорындардың өкілдері сөз сөйледі, олардың ішінде «ERG» Директорлар кеңесінің төрағасы А. Машкевич, «СНПС Ақтөбемұнайгаз» АҚ бас директорының бірінші орынбасары Т. Есенғұлов, «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС технология және сапа жөніндегі директоры М. Ибрагимов, «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары А. Топчиев, «Айс+» ЖШС директоры Қ. Ищанов, «АltynEx company» АҚ бас директоры О. Түзелбаев, «Каспий плюс» ЖШС коммерциялық директоры С. Жабаев бар.

Кездесуге қатысушылар Премьер-Министрге өз кәсіпорындарын жаңғырту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар мен жаңа технологиялардың енгізілуі туралы айтып берді. Баяндамаларды тыңдаған соң Б. Сағынтаев дәстүрлі секторлар мен қызмет көрсету саласының тоғысында туындайтын жаңа индустрияларды кеңінен тарату мәселесін әкімдіктің ерекше назарына алу қажеттігін айтты.

Сонымен қатар ол Елбасы өзінің Жолдауында әкімдіктер жұмысының тиімділігін құрылған жұмыс орындарының санымен бағалауды белгілеп бергенін еске салды.

Өз сөзінде Б. Сағынтаев Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында экономиканы үдемелі технологиялық жаңғыртуды еліміз үшін жақын болашақтағы басты басымдықтарының бірі ретінде айқындағанын атап өтті. Атап айтқанда, Үкімет алдында сандық технологияларды және «Индустрия 4.0» төртінші индустриалдық төңкерістің элементтерін қолданумен құрылатын жаңа индустрияларды кеңінен тарату міндеті қойылғанын атап өтті.

Б. Сағынтаев Үкімет бұл жұмысты жүргізу үшін қажетті жағдайларды жасауға кірісіп кеткенін баса айтты. Дәлірек айтқанда, биылғы жылдың соңына дейін 2025 жылға дейін өнеркәсіп секторларын технологиялық жаңғырту бойынша Кешенді шаралар қабылданатын болады, онда тиісті құралдар мен тетіктер қамтылады.

Премьер-Министр облыс басшылығына облыста жаппай, әсіресе, отбасылық кәсіпкерлікті дамыту бойынша шаралар кешенін қалыптастыруды жылдамдатуды тапсырды.  

Сондай-ақ, Премьер-Министр Б. Сағынтаев мемлекеттік әкімшілендіруді қайта реттеу, жеңілдету, әлеуметтік экономиканы ырықтандыру, жаппай кәсіпкерлікті дамыту жеке секторда жаңа жұмыс орындарын ашу үшін маңызды ынталандыру түріне айналуы тиіс екенін, шетел инвестицияларын тарту үшін «Қазақинвест» компаниясы құрылғанын және инвестицияларды тартуға ерекше көңіл бөлу керектігін айтты.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 30 наурыз 2017

Мұрағат

Наурыз
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту