ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында өңірдің жұртшылығымен әлеуметтік жаңғырту мәселелері жөнінде кездесу өткізді.

Кездесу барысында қатысушылар өңірдің әлеуметтік дамуының өзекті бағыттарын талқылады, соның ішінде денсаулық сақтау, білім беру салалары, кәсіпкерлікке қолдау көрсету, жұмыспен қамту, тұрғын үймен қамтамасыз ету, сонымен қатар облыс жұртшылығын толғандыратын өзге де мәселелерді талқылады.

Кеңесте Ақтөбе облысының әкімі Б. Сапарбаев, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т. Дүйсенова, денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов, «Ақбөбек» ЖШС бас директоры Қ. Айдарханова, «Хромтау тау-кен техникалық колледжі» МКҰК директоры Б. Молдашева, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы К. Бірманов, Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту орталығы бөлімінің жетекшісі А. Медетова, «Ақтөбе облысының сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығы» ҚБ төрайымы Қ. Байменова, Алға қ. жұмыспен қамту орталығының директоры А. Әбдуалиева сөз сөйледі.

Кеңес қорытындысын шығара отырып, ҚР Премьер-Министрі ҚР Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында аталған Қазақстан экономикасының жаңғыруы азаматтарға елеулі мүмкіндіктер тудыратын болатынын айтты.

Сонымен қатар, экономиканың цифрлануы, өндірістердің автоматтандырылуы, бір жағынан, бәрінен бұрын ІТ технологиялар саласында біліктілігі жоғары мамандардың болуын талап етеді. Екінші жағынан бұл үдерістер еңбек ресурстарының бір бөлігінің босап қалуына алып келеді. Сондықтан да қазірден бастап Үкімет жұмыскерлердің қызмет орнын ауыстыру жұмыстарын басқаруға қажетті жағдайларды жасауда. Жұмыс орындарын ашу мен халықтың кәсіпкерлік қызметке қолжетімділігін кеңейту мәселелері де өзекті болып саналады.

Б. Сағынтаев жалпы аталған барлық міндеттерге қол жеткізу үшін Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың жаңа бағдарламасында жұмыспен қамту мәселелері жаңа арнаға ауыстырылатынын атап өтті. Бастапқыда міндет тек еңбекке тартуға қойылса, ендігі мәселе өнімді әрі тиімді жұмыспен қамту жайында болады.

Сонымен қатар Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында білім беру жүйесінің рөлін өзгерту туралы міндет қойғанын еске салды, себебі ол экономикалық өсімнің жаңа үлгісінің орталық түйініне айналуы керек. Осы орайда білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында оның инфрақұрылымымен қатар, мазмұны да жаңартылады.

Бұдан өзге, Б. Сағынтаев түбегейлі өзгерістер денсаулық сақтау саласында да жүргізілетінін атап өтті. Мәселен, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап азаматтарға көрсетілетін медициналық қызмет сапасын едәуір арттыруға бағытталған, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізіледі.

Сондай-ақ, ауруханалар, емханалар, фельдшер пунктерінің құрылысы жалғастырылады, алғашқы медициналық-санитарлық көмек желісі мен салалық мамандардың жеке кабинеттерін дамыту мәселелері пысықталатын болады.

Қорытындылай келе, Премьер-Министр әлеуметтік салада Үкіметке азаматтық қоғаммен бірлесіп шешетін үлкен міндеттер жүктелгенін айтты. Дегенмен, аталған міндеттерді іске асыруда жергілікті атқарушы органдардың да рөлі басым, себебі жергілікті орындардағы жұмыстардың орындалу деңгейіне оның табыстылығы да байланысты болады.

Кеңес қорытындысы бойынша Б. Сағынтаев жауапты мемлекеттік органдарға және облыс әкімдігіне көтерілген мәселелерді бақылауға алуды тапсырды.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 30 наурыз 2017

Мұрағат

Наурыз
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту