Мәдениет нысандарын құру және жабу мәселелері Мәдениет және спорт министрлігімен келісіледі.

Бұл туралы бүгін Сенатта «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау кезінде Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті.

«Алғаш рет норма енгізіліп жатыр, оған сәйкес, жергілікті атқарушы органдар мәдени нысандарды жапқанда немесе ашатын кезде тек өкілетті органның келісімімен жүзеге асырады. Шынында да, өңірлерде мәдениет үйлері өкілетті органмен келіспестен жабылып жатыр деген ескертулер болған еді. Яғни осыған дейін бұл бағыттағы шаралар еш келісусіз атқарылатын. Енді осы норманың арқасында аталған үдерісті реттеу мүмкіндігін аламыз»,-деді Мұхамедиұлы.

Оның сөзіне қарағанда, мәдениет нысандарын жабу немесе жекешелендіру мәселелері де министрлікпен келісілетін болады.

Осы орайда министр заң жобасы мәдениет саласында мемлекеттік реттеудің тиімділігін арттыру тұрғысында өте маңызды екенін атап өтті.

ҚазАқпарат

Жарияланды: 31 наурыз 2017

Мұрағат

Наурыз
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту