Қазақстанда Қоршаған ортаға әсерін бағалау конвенциясы аясында Стратегиялық экологиялық бағалауды енгізуді жоспарлауда. 

Бұл туралы экология мәселелері бойынша дөңгелек үстелде ҚР Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлім етті.

«Экологияның ластануын алдын алу шарасы ретінде қоршаған ортаға әсерін бағалау қадамы сәтті енгізілді. Сонымен бірге  Қазақстан 2000 жылы Қоршаған ортаға трансшекаралық контексте әсер етуді бағалау жөніндегі конвенцияны ратификациялады. Бұл құжат 1991 жылы Эспо қаласында қабылданған болатын. Осы орайда еліміз қолданыстағы заңнаманы жетілдіруді жалғастыруда. Мұнымен қоса, еуропалық елдер қоршаған ортаға әсерді бағалау мен халық денсаулығына қатысты қадамдарды жақсарту бойынша жұмысты жалғастыруда. Бұл жұмыстың нәтижесі ретінде 2003 жылы Қоршаған ортаға әсерін бағалау конвенциясына Стратегиялық экологиялық бағалау бойынша хаттаманы қабылдау болды»,-деді Мырзағалиев.

Оның сөзіне қарағанда, Стратегиялық экологиялық бағалаудың (СЭБ) негізгі мақсатында қоғамдық пікірді ескере отырып, мемлекеттік жоспарлау кезеңінде болуы мүмкін экологиялық салдарды бағалау жөніндегі қадамдарды пайдалану ескерілген. Қазіргі уақытта табиғатты қорғау органдары мемлекеттік жоспарлау жүйесіндегі барлық құжаттарды келісуге қатысады.

«ТМД-ның кейбір елдері Стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі хаттаманы ратификациялады. Қазіргі уақытта Қазақстанда Стратегиялық экологиялық бағалауды пайдалану мүмкіндігін зерттеу үшін Еуропалық одақпен және БҰҰ ДБ-мен қолдау тапқан жоба іске асырылуда. Атқарылған жұмыстың нәтижесі елімізде СЭБ элементтерін енгізу бойынша мүмкіндіктерге нұсқайды»,-деді вице-министр.

Ол өз сөзінде 2013 жылы Президенттің Жарлығымен «жасыл» экономикаға көшудің тұжырымдамасы бекітілгенін еске салып өтті. Бұл тұрғыда баламалы энергияның үлесі 2020 жылға қарай 3 пайызға жетуі тиіс. 2016 жылдағы көрсеткіш 1 пайызға жеткенін байқатады. 2025 жылға қарай оның деңгейін 5 пайызға, 2030 жылы 10 пайызға, 2050 жылға қарай 50 пайызға дейін жеткізу мақсаты көзделген.

ҚазАқпарат

Жарияланды: 06 сәуір 2017

Мұрағат

Сәуір
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту