Астанада ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин мен ҚХР Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасары Чжан Гаолидің төрағалығымен Ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Қытай комитетінің 8-отырысы өтті.

«Біздің Мемлекет басшыларымыздың бастамасымен Қазақстан-Қытай мемлекеттерінің бірлескен индустриалдық-инновациялық ынтымақтастық бағдарламасы қабылданды. Оның аясында жалпы құны 27 миллион АҚШ долларын құрайтын 51 жоба қолға алынып отыр», - деп атап өтті Асқар Мамин аталмыш жиында.

Вице-премьердің сөзінше, қытайлық компаниялар бірлескен жобаларға белсенді атсалысуда.

«Былтыр Қазақстан Президентінің ҚХР-ға ресми сапары барысында «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты мен Жібек жолының Экономикалық белдеуі бағдарламасын үндестіру жоспарына қол қойылған болатын. Жоспар үлкен көліктік-транзиттік, инвестициялық дамудың жолдарын ашып отыр. Біз қазір сол жұмыстың нәтижелерін көре бастадық. 2017 жылдың екі айында біздің елдер арасындағы тауар айналымы 30%-ке артты. Бұл өте үлкен көрсеткіш. «Қытай-Қазақстан-Еуропа» бағытындағы контейнерлік тасымал жыл сайын екі есеге өсіп келеді. 2017 жылдың екі айында былтырғы жылдың алғашқы айымен салыстырғанда, өсім 2,6 есе болған. Бұл «Бір жол - бір белдеу» және «Нұрлы жол» бағдарламаларының іс жүзінде жүзеге асып жатқандығын білдіреді», - деді А. Мамин.

Тараптар отырыс барысында екіжақты ынтымақтастық мәселелерінің кең ауқымын, атап айтқанда сауда-экономикалық, энергетикалық, индустриялық, инновациялық, мәдени-гуманитарлық  салалардағы өзара іс-қимыл, шекара маңы және өңірлік серіктестікті дамыту, көлік-логистикалық, ауыл шаруашылығы, ғылыми-техникалық салалардағы ынтымықтастық мәселелерін талқылады. 

«Нұрлы жол», «Жібек жолының экономикалық белдеуі» секілді ірі көлемді бағдарламаларды іске асырудың бірлескен жұмысы, сондай-ақ көлік және логистика саласында жаңа өнімдер мен қызмет түрлерін құру жайттары пысықталды.

Отырыс барысында «Қостанай-Астана» телекөпірі арқылы «Сарыарқа Авто Пром» ЖШС-ның ANKAI атты автобустардың бірлескен өндірісі іске қосылды.

Жиын соңында Ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Қытай комитетінің 8-отырысының хаттамасына қол қойылды.

ҚазАқпарат

Жарияланды: 18 сәуір 2017

Мұрағат

Сәуір
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту