Алматы облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев өңір әкімі А. Баталовтың Қарасай ауданының Қырғауылды ауылындағы су тасқыны жағдайы туралы ақпаратын тыңдады.

Премьер-Министр Б. Сағынтаев облыс әкімі А. Баталовқа ҚР ІІМ-мен бірлесіп, оқиға салдарын жоюдың қажетті шараларын қабылдап, аталған мәселені ерекше бақылауға алуды тапсырды.

Еске сала кетейік, 27 сәуірде Алматы облысының Қарасай ауданының Қырғауылды ауылында орналасқан, осы аттас өзені жауын-шашынның мол жаууының салдарынан арнасынан тасып, су деңгейінің көтерілу мәселесі орын алған болатын. Соның нәтижесінде Қырықауылды ауылының бірқатар учаскесінде, сондай-ақ облыстық маңызға ие «Алматы - Жандосова» трассасында су тасқыны орын алды.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 28 сәуір 2017

Мұрағат

Сәуір
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту