Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Асқар Мамин Астананың қазіргі және перспективадағы құрылыс аудандарын ықтимал су тасқынынан инженерлік қорғауға арналған Астана контрреттеуішінің жұмысымен танысты.

ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Ю.Ильин Астана контрреттеуішінің ағымдағы кезеңдегі жұмысы туралы баяндады. Оның айтуынша, контрреттеуіш ұзындығы 31 км болатын қорғаныш бөгетінен тұрады және 450 млн.м3 көлемге дейін тасқын суды уақытша ұстап тұра алады.

Ю.Ильин қазіргі уақытта контрреттеуіште Астана (Вячеслав) су қоймасынан тасталған 250 млн.м3 тасқын су жинақталғанын хабарлады.

Контрреттеуіш Есіл өзеніне секундына 40 текше метрден аспайтын суды (тәулігіне 3,5 млн. текше метр) өткізуді жүзеге асырады.

Еске салсақ, нысан құрылысы 2010 жылы аяқталды және сол 2010 жылы Астана контрреттеуіші 31,8 млн. текше метр тасқын суды ұстап қалды. 2014 жылы - 138 млн.м3, 2015 жылы - 249,8 млн.м3, 2016 жылы - 45,0 млн.м3 тасқын су, осылайша Астана қаласы мен оның төңірегін су басудан қорғау қамтамасыз етілді.

Аралау қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары ҚР ІІМ мен Астана қ. әкімдігіне бірқатар нақты тапсырмалар берді. А.Мамин «Астана контрреттеуішінің жағдайына тұрақты мониторинг жүргізу қажеттігін» баса айтты.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 29 сәуір 2017

Мұрағат

Сәуір
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту