Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев халыққа мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөнінде кеңес өткізді.

Кеңес барысында «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін автоматтандыру және оған жаңа тәсілдерді енгізу мәселелері талқыланды.

«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауындағы Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы жүгінген азаматтың міндетті жеке қатысуынсыз проактивті қызмет көрсетуге көшу тетігін енгізуді жоспарлауда. Бұдан өзге, халықаралық тәжірибені ескере отырып, Бірыңғай қызмет көрсету орталығын құру тұжырымдамасы әзірленді.

Анықтама:

Проактивті қызмет көрсетуді жүзеге асыруды 2018-2020 жылдары «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасы аясында «Проактивті мемлекет» бағыты бойынша жүзеге асыру жоспарланған.

Еске салсақ, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы Қаулысымен құрылған және мемлекеттік қызмет көрсетудің бірыңғай провайдері болып табылады. Қазіргі таңда Қызмет көрсету тізілімінде 723 мемлекеттік қызмет көрсету бар, олардың 548-і Мемлекеттік корпорация арқылы қолжетімді.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 18 мамыр 2017

Мұрағат

Мамыр
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту