Ташкент қаласында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Демеуов пен Өзбекстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Даврон Назармухамедовтың шекарадағы ынтымақтастық мәселелеріне қатысты екіжақты кездесуі өтті.

Сонымен қатар кездесуге орталық аппараттың құрылымдық бөліністерінің басшылары, шекаралас орналасқан облыстық ішкі істер органдарының басшылары қатысты.Іс-шара барысында екі жақты ынтымақтастық мәселелерінің перспективалары мен басымдықтары, оның ішінде шекаралас аймақтардың түйіткілдері талқыланды. 

Онымен бірге, делегация басшылары ҚР Ішкі істер министрлігінің Оңтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаменті мен Өзбекстан Ішкі істер министрлігінің Джизак, Сырдария, Ташкент облыстарының 2017-2018 жылдарға арналған ұйымдастырушылық және практикалық шараларды қарастыратын қылмысқа қарсы ынтымақтастық жөніндегі іс-шаралар жоспарына қол қойды.

ҚазАқпарат

Жарияланды: 16 шілде 2017

Мұрағат

Шілде
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту