Бүгін ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өткен брифинг барысында ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру туралы айтты.

Роман Скляр «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру басталғалы бері республикалық маңыздағы 2 мың км автожол құрылыс және жөндеумен қамтылды, олардың 1,3 мың км І және ІІ техникалық санаттар параметрлері бойынша пайдалануға берілді.

«Ағымдағы жылы мемлекеттік бағдарлама аясында жалпы ұзындығы 4,4 мың км болатын 22 автожол жобасын іске асыру қарастырылған», – деді вице-министр.

Орталық–Оңтүстік жобасы бойынша 2016 жылы жалпы ұзындығы 275 км болатын Астана–Теміртау және Алматы–Қапшағай учаскелерін жөндеу аяқталды. Ұзындығы 14 шақырым Теміртау-Қарағанды учаскесін жөндеу жалғасуда.

Орталық-Шығыс жобасы бойынша іске асыру басталғалы бері 230 км пайдалануға берілді.

Орталық-Батыс жобасы бойынша Астана-Қостанай автожолын және Ақтөбе–Қарабұтақ–Денисовка учаскесін жөндеу толық аяқталды. 2020 жылға дейін Денисовка–Қостанай учаскесін (114 км) аяқтау жоспарланып отыр.

Спикердің айтуынша, Қапшағай–Талдықорған, Астана–Петропавл– РФ шекарасы және Орал–Каменка ауыспалы жобаларын іске асыру жалғасуда.

«Сондай-ақ, жаңа жобаларды бастап кеттік: жалпы ұзындығы 2 мың км болатын Жетібай–Жаңаөзен, Талдықорған–Өскемен, Мерке–Бурылбайтал, Қалбатау–Майқапшағай, Үшарал–Достық, Бейнеу–Ақжігіт, Таскескен–Бақты, Осинов асуы, Щучинск–Зеренді», – деді Роман Скляр.

Бірінші жартыжылдықта іске асырылып жатқан жобалар бойынша 112 млрд теңге игерілді, 80 мың адам жұмысқа тартылды.

Бұдан өзге, ол 2016 жылдың желтоқсанында Құрық портында қуаты 4 млн тонна болатын теміржол паром кешені іске қосылғанын атап өтті. Сондай-ақ, биыл қуаты 2 млн тонна болатын автомобиль паром кешенін салу басталды. Жоба құны 67 млрд теңгені құрайды.

Сондай-ақ, вице-министр Астанадағы жаңа теміржол вокзалының жұмысы жайлы айтып өтті.

«Жаңа вокзалдың өткізу қабілеті тәулігіне 35 мың жолаушыны, ал жұмыс істеп тұрған вокзалмен қоса алғанда – тәулігіне 47 мың жолаушыны құрайды, бұл елорда жолаушыларының легіне, оған қоса халықаралық көрме өткізу кезінде қызмет көрсетуді толық қамтамасыз етеді.Теміржол вокзалын пайдалануға бергеннен бастап шамамен 305 мың жолаушыға қызмет көрсетілді.

Сондай-ақ, Астана қаласы әуежайының жаңа терминалын салу және ұшу-қону жолағын жөндеу аяқталды. Әуежайдың өткізу қабілеті жылына 8,2 млн жолаушыны немесе сағатына 2 525 жолаушыны құрайды», – деді ол.

Роман Скляр «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында инфрақұрылым жобаларын кең ауқымда іске асыру тасымалдардың жылдамдығын арттыруға, көлік шығындарын азайтуға, жалпы қызмет көрсету және транзиттік әлеуетті жақсартуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 10 тамыз 2017

Мұрағат

Тамыз
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту