Бүгін 7 қыркүйекте «Экспо-2017» көрмесіндегі Польшаның Ұлттық күнінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев сөз сөйледі.

Құрметті Президент мырза! Ханымдар мен мырзалар!

Біз бүгін «Экспо-2017» тарихындағы тағы бір маңызды оқиғаның куәсі болып отырмыз.

Бүгін — Польшаның Ұлттық күні.

Өзін жоғары деңгейде таныта білген Польша павильоны көрмедегі ең танымал әрі көрікті орындардың біріне айналды.

Сіздердің ұрандарыңыз: «Poland: creative people, smart energy» — «Экспо-2017»-нің «болашақтың энергиясы» тақырыбымен байланысты жетістіктерді толықтай ашып тұр.

Көрмеге келушілердің көпшілігі мұнда өткізілген экономикалық және мәдени іс-шараларға аса зор қызығушылық білдірді. Біз оны екі елдің өзара ынтымақтастығын әрі қарай нығайтуға қосылған үлкен үлес деп білеміз.

Қазақстан Польша елін Орталық және Шығыс Еуропадағы негізгі сауда-экономикалық серіктесі ретінде бағалайды.

Жоғары деңгейде өткен кешегі келіссөздер барысында өзара тиімді байланыстардың көкжиегі айқындалды.

Екі ел басшыларының Қазақстан-Польша бизнес-форумына қатысуы іскерлік қатынасқа да тың серпін беретіні сөзсіз.

Қазірдің өзінде біздің елімізде Польша капиталының қатысуымен 100-ден астам кәсіпорын жұмыс істейді. Бұл тізімнің қатарын әрі қарай ұлғайту үшін бізде қажетті мүмкіндіктердің бәрі бар.

Бүгінгі таңда білікті де тәжірибелі Польша мамандарының қатысуымен екі ел арасында өзара іс-қимылдың жаңа бағыты — «жасыл технологиялар» қарқынды дамып келеді.

Біз поляк үкіметі мен іскер топтарын бұл байланыстарды Біріккен Ұлттар Ұйымының аясындағы «Жасыл экономика» халықаралық орталығы шеңберінде дамыта түсуге шақырамыз. Аталған орталық «Экспо-2017» мұрасы негізінде жұмыс істейтін болады.

Бізде жаңартылатын энергетика, ғылым мен технологиялар, инновациялар және коммуникациялар, орман шаруашылығы, туризм салалары бойынша ынтымақтастықты кеңейту үшін жақсы мүмкіндіктер бар.

Біз сіздерді экономиканы индустрияландыру және цифрлық трансформациялау жұмыстарына қатысуға шақырамыз.

Жаңадан құрылған «Астана» халықаралық қаржы орталығы, IT-стартап халықаралық технопаркі, Назарбаев Университетінің ғылыми-зерттеу базасы әріптестікті дамытудың жаңа бағыттарын ашатын болады.

Біз үкімет тарапынан өзара сенімді нығайту үшін бар күш-жігерімізді жұмсай отырып, келісімдерді орындау, экономикалық қарым-қатынастардың жаңа тиімді тетіктерін іздестіру бағытында жұмысымызды жалғастырамыз.

«Экспо-2017»-дегі Польшаның Ұлттық күні біздің елдеріміздің арасындағы байланыстарға жаңа серпін берсін деп тілеймін!

Gratulacje dla otwarcia Narodowego Dnia Polskiego na Astana Expo 2017!

Баршаңызды Астана «Экспо-2017» көрмесіндегі Польша Республикасының Ұлттық күнінің ашылуымен құттықтаймын!

www.primeminister.kz

Жарияланды: 07 қыркүйек 2017

Мұрағат

Қыркүйек
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту