Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев халықтың қоныстануы және дамуы жөніндегі Азия парламентшілері форумының төрағасы Кейзо Такемимен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тұрғындардың өмір сүру деңгейі мен әл-ауқатын арттыру бойынша бастамаларды іске асыру саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Анықтама:

Халықтың қоныстануы және дамуы жөніндегі Азия парламентшілері форумы (ХҚДАПФ) БҰҰ қорының халықтың қоныстануы саласындағы бастамасымен 1981 жылы құрылған. Форум халықаралық үкіметтік емес ұйым болып табылады.

Форумның хатшылығы Бангкокта (Таиланд) орналасқан. ХҚДАПФ құрамында халықтың қоныстануы және дамуы жөніндегі парламентшілерінің 29 ұлттық комитеті жұмыс жасайды. Форумның жоғары органы - Бас ассамблея. Бас ассамблеяның отырысы әр 3 жыл сайын өткізіледі.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 18 қыркүйек 2017

Мұрағат

Қыркүйек
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту