Алдында хабарлағандай, бүгін Астанаға Қырғызстан Премьер-Министрі Сапар Исаков бастаған Қырғыз Республикасының өкілдік делегациясы келді. Сапар жақында телефон арқылы болған әңгіменің қорытындысы бойынша қырғыз тарабының бастамасымен өтті.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев пен Қырғыз Республикасының Премьер-Министрі Сапар Исаковтың шағын және кеңейтілген форматтардағы кездесулері өтті, олардың барысында шекаралық, көлік, фитосанитарлық және ветеринарлық бақылау, ЕАЭО және ДСҰ сәйкес нормалары мен ережелерін есепке алғанда кедендік және салықтық әкімшіліктендіруге қатысты мәселелер қаралды.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев: «Қазақстан Президенті Н. Назарбаев бірнеше рет атап өткендей, бауырлас екі мемлекеттің қарым-қатынасы барлық жағынан өнегелі болуы, әрі өңірдегі нәтижелі және өзара тиімді ынтымақтастықтың үлгісіне айналуы тиіс», екенін баса айтты.

Өз кезегінде Қырғызстан Республикасының Премьер-Министрі Сапар Исаков Қырғызстан тарабынан салмақты делегация келгенін мәлімдеді.

«Мен Қырғызстанның Премьер-Министрі ретінде сындарлы жұмыс жүргізуге ниеттімін», — деді С. Исаков.

Келіссөздердің қорытындысы бойынша екі тарап 19 қазан күнгі сағат 00:00-ден бастап қол жүктерімен өтетін жеке тұлғалар, жолаушылар тасымалдайтын автобустар, жеңіл автокөліктер және бос жүк көліктері үшін Қазақстан-Қырғызстан шекарасын кесіп өтудің басым тәртібін қамтамасыз ететін болып келісті.

Бұдан өзге, екіжақты экономикалық қарым-қатынастың өзекті мәселелері бойынша бірлескен «Жол картасын» әзірлеу үшін Қазақстан мен Қырғызстанның премьер-министрлерінің бірінші орынбасарларының төрағалығымен жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 18 қазан 2017

Мұрағат

Қазан
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту