Қазақстанда жол ережесін бұзған шетелдіктерге айппұлды міндетті түрде төлету талабы ұсынылды. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Ішкі істер вице-министрі Берік Бисенқұлов мәлім етті.

«Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау барысында депутат Асылбек Смагұлов Ішкі істер министрлігі мен ҰҚК Шекара қызметінің өкілдеріне жол ережесін бұзатын шетелдіктерге қатысты сұрақ қойды.

«Биыл біз қыркүйек айында Шығыс Қазақстан облысында тиісті проблеманы айтып берді. Яғни, еліміздің аумағына көршілес елдердің мемлектеттік нөмірімен жүретін автомобиль жүргізушілері Қазақстанда жол ережелерін бұзып, жылдамдық өлшейтін құралдарға түсіп қалады. Бірақ олар сол құралдарға түссе де, жазаланбай құтылып кетеді. Мәселен, бір автомобиль жылдамдық өлшеу құралдарына 22 рет түсіп, оған салынған айыппұлдардың көлемі жарты ммиллион теңгеден асып кетсе де, оған ешқандай жаза қолданылмаған. Әрине, оған осындай автомобильдердің Ішкі істер органдары базасында тіркелмегені себеп. Дегенмен айыппұлдар өндірілмей,  ал құқық бұзушылар жазаланбай қалғанын айтпағанның өзінде, бүгінгі күнде жолдарымыздағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзі бізді толғандырып отыр. Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Әкімшілік кодекс пен басқа да заңдарға осындай ережені жиі бұзатын көліктер Қазақстанның мемлекеттік шекарасынан өткен кезде, олардың жүргізушілеріне айыппұл төлеу қажеттігі туралы хабарлама беру мүмкіндігін көздейтін өзгерістерді енгізуді қажет деп санай ма?», - деп сұрады депутат.

Өз кезегінде ҚР Ішкі істер вице-министрі Берік Бисенқұлов депутаттың ұсынысына қолдау білдірді.

«Құқық бұзушылыққа жол берген шетелдіктерге тоқталсақ, шетел азаматтары  елдің аумағынан шығатын кезде оларды тоқтатуға қатысты Шекара қызметіне тиісті өкілеттікті беруді ұсынамыз. Сонымен қатар бізде олардың ақпараттық жүйесімен интеграцияланудың техникалық мүмкіндігі бар. Құқық бұзушылық бойынша біздің барша ақпараттық база автоматты түрде Шекара қызметінің жүйесіне мәлімет бере алар еді, бұл ретте шекарада ескерту жасау шараларын ұйымдастыруға болады. Сонымен қатар әкімшілік айппұлды төлегенге дейін шетелдіктердің елдің аумағынан шығуына заңнамалық түрде тыйым салуды енгізу бойынша мәселені қарастыруды ұсынамыз», - деді вице-министр.

ҚазАқпарат 

Жарияланды: 25 қазан 2017

Мұрағат

Қазан
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту