Суға және оның құндылығына деген көзқарасымызды өзгертуіміз керек. Бұл туралы бүгін ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек айтты.

«Еліміздің азаматтарын ауыз сумен қамтамсыз бойынша мемлекеттің мақсатты саясаты елеулі нәтижелерге қол жеткізді. Сонымен қатар, шешімін күткен бірқатар мәселелер де бар. Біріншіден бұл қоғамның суды тұтынуына қатысты. Суға деген әлеуметтік қатынас тұтынушылық пен ауыз судың экономикалық құны арасындағы сәйкессіздікке әкелді. Бұл қоғамдық санада су құнының түсіп кетуіне себеп болды», - деді ол.

Министрдің айтуынша, тарифтерді әлеуметтік тұрғыдан қалыптастыру су арналарын қаржыландырудың жетіспеушілігіне, жүйелердің жылдам тозуына, апатты жағдайлардың көбеюіне, судың азайып, сапасының нашарлауына түрткі болған.

«Сумен жабдықтау секторының одан әрі дамуы негізінен нарықтық қатынастарға толықтай қол жеткізумен байланысты. Дамыған елдерде су шаруашылығын басқару жүйесі «пайдалан және төле» қағидаты бойынша қалыптасқан. Біз суға және оның құндылығына деген көзқарасымызды өзгертуіміз керек», - деді Жеңіс Қасымбек.

Айта кетейік, ҚР Парламенті Мәжілісінде еліміздің елді мекендерін сапалы ауыз сумен қамтамасыз етудің өзекті мәселелеріне арналған парламенттік тыңдау өтуде. Шараға Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов, Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов, мүдделі мемлекеттік органдардың, ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері қатысуда.

ҚазАқпарат 

Жарияланды: 24 қараша 2017

Мұрағат

Қараша
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту