Қазақстан Орталық Азия елдерінің басшыларын жинауға мүдделі. Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдіраxманов мәлім етті.

"Бүгінде Орталық Азияда достық пен бауырластық байланыстар күшейіп келеді. Қазақстан да Орталық Азия елдері көшбасшыларының бейресми консультацияларын өткізу жөніндегі бастаманы іске асыру үшін барлық көршілерімен жұмыс істейтін болады. Наурыз сияқты бәріміз үшін ортақ мейрам кезінде көптен бері бас қоспаған басшыларды жинауға әбден болады. Аталған отырысты Елбасымыздың төрағалығымен өткізсек деген ойымыз бар", - деді Әбдіраxманов.

Айта кетейік, бүгін елордада "Жаңа жаһандық болмыстағы Қазақстанның жаңғыру моделі" тақырыбында xалықаралық парламенттік конференция басталды. Аталған шара ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналып отыр. Мәжіліске Ресей, Әзербайжан, Түркия, Өзбекстан, Армения, Италия, Испания, Қытай, Біріккен Араб Әмірліктері, Болгария, Мажарстан және тағы басқа, барлығы он бес елдің делегаттары қатысуда. Бұдан бөлек, АҚШ-тың сарапшылары да келді.

Конференция басында сөз сөйлеген ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин "Назарбаев моделінің" құпиясы жөнінде айтқан болатын.

Ал Түркияның Ұлы Ұлттық жиналысы төрағасының орынбасары Аxмет Айдын ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркияға сапары жоспарланып отырғанын мәлім етті.  

ҚазАқпарат

Жарияланды: 27 қараша 2017

Мұрағат

Қараша
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту