Қазақстанда «Е-адвокатураны» жасау жоспарланып отыр. Бұл туралы Мәжілісте «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заң жобасын таныстыру барысында ҚР Әділет министрінің орынбасары Жанат Ешмағамбетов мәлім етті.

«Адвокатура қызметін оңтайландыру мен заңгерлік көмекті дер кезінде жасау мақсатында адвокатура қызметіне ақпараттық  технологияларды енгізу ұсынылуда. Онда «Е-адвокатура» атты бірыңғай ақпараттық жүйені енгізу ескерілген. Оның мүмкіндіктері статистикалық есептерді, кепілді мемлекеттік заң көмегі бойынша адвокаттар тізімін қалыптастыру кезінде, сондай-ақ онлайн-кезекшілікті ұйымдастыру барысында пайдаланылмақ», - деді министрдің орынбасары.

Бұдан бөлек ол тағы бір жаңашылдық адвокаттық ордерді қысқартуға қатысты екенін атап өтті. Қолданыстағы заңнама адвокаттың ордерді нақты істі жүргізуде қорғаушының өкілеттігін растайтын құжат ретінде мойындайды. Тәжірибе жүзінде бұл құжаттың тиімсіздігі мен ескіргені байқалып отыр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Жанат Ешмағамбетов Қазақстанда заңгерлік көмек үшін төлемнің тарифтік кестесі әзірленуі мүмкін екенін айтты. 

ҚазАқпарат

Жарияланды: 27 қараша 2017

Мұрағат

Қараша
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту