Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев АҚШ Мемлекеттік хатшысы көмекшісінің м.а. Элис Уэллспен кездесу өткізді.

Кездесу барысында екі елдің сауда-экономикалық дамуының түрлі саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Сонымен қатар отын-энергетика, құқық, қаржы, салық және өзге де салалардағы мәселелер, сондай-ақ, Қазақстан экономикасына инвестициялар мен алдыңғы қатарлы америкалық компаниялардың жаңа технологияларын тарту бағыттары қаралды.

Анықтама: Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымының көлемі 2017 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 1 248,5 млн $ құрады, бұл 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ($ 1,188,7 млн) 5%-ға жоғары көрсеткіш.

Қазақстанның АҚШ-қа экспорты 304,1 млн $ құрады, АҚШ-тан Қазақстанға импорт 944,4 млн $ құрады, бұл 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6,8%-ға (884,1 млн) жоғары көрсеткіш.

ҚР Ұлттық банкінің деректері бойынша 2005 жылдан бері тікелей шетел инвестицияларының жалпы ағыны құрылымында АҚШ үлесіне шамамен 27 млрд $ немесе жалпы сома 223 млрд $-ның 12%-нан астамы тиесілі.

АҚШ Қазақстандағы Нидерландыдан кейінгі ($5,7 млрд) екінші ірі инвестор ($ 2,2 млрд).

ҚР-да АҚШ капиталының қатысуымен 500-ге жуық компания жұмыс істейді, олардың 443 — шағын, 23 — орташа және 30 — ірі компания. 141 компания бірлескен кәсіпорындар болып табылады, 41 компания тауар өндірумен айналысады және 37 компания басқа елдерге өнім экспорттайды.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 30 қараша 2017

Мұрағат

Қараша
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту