Түркістанда ТҮРКСОЙ Тұрақты кеңесінің ХХХV отырысы өтуде.

Кеңеске  ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, ҚР Мәдениет және спорт министрі  Арыстанбек Мұхамедиұлы, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев пен Түркия Республикасының Мәдениет және туризм министрі Нуман Куртулмуш қатысты. Сондай-ақ кеңеске Қырғыз Республикасының Мәдениет, ақпарат және туризм министрі Сұлтанбек Жұмағұлов пен  ТҮРКСОЙ мүше елдердің мәдениет министрліктерінің өкілдері, мәдениет қайраткерлері  арнайы шақырылды.

Жиында сөз алған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев түркі мәдениетін әлемге танытатын халықаралық деңгейдегі тұрақты кеңестің маңыздылығына тоқталды.

«Түркі тілдес мемлекеттердің басын біріктіретін ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы аясындағы кеңесте айтылатын пікірлер мен ұсыныстар ортақ құндылықтарымызды ұлықтауға бағытталатыны сөзсіз. Осы ретте түпкі мақсаты Түркі дүниесі халықтарының ортақ өткені мен тарихының, тілі мен әдебиетінің, мәдениеті мен өнерінің дәріптелуін көздеген басқосуымыздың болашақ ұрпаққа мұра болатынына кәміл сенемін»,- деді облыс әкімі. 

Халықаралық ұйымына мүше Мәдениет министрлерінің  дәстүрлі кездесуінде ТҮРКСОЙ-дың өткен жылғы атқарған есебі тыңдалып,  2017 жылы Түркі халықтарының мәдени-рухани байланыстарын нығайту жолында атқарылған шаралар талқыланды.

Сонымен бірге, ұйымның алдағы жылға арналған жоспары мақұлданды. Алқалы жиын нәтижесінде қатысушылар ТҮРКСОЙ тұрақты Кеңесінің ХХХV отырысының Декларациясы мен жұмыс хаттамасын қабылдап, қол қойды.  

ҚазАқпарат

Жарияланды: 05 желтоқсан 2017

Мұрағат

Желтоқсан
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту