Қазақстандағы үкіметтік емес ұйымдар нақты әлеуметтік қамту секторына айналуда. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев мәлім етті.

Бүгінгі жалпы отырыста палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коммерциялық емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылауда.

«Үкіметтік емес ұйымдар еліміздің қоғамдық-саяси процестеріне ықпал ететін белсенді азаматтық қоғам институттарының бірі болып отыр. Үкіметтік емес ұйымдар нақты әлеуметтік қамту секторына айналуда. Статистикалық мәліметтерге сай, үкіметтік емес ұйымдар саласында 29 мыңнан астам адам қамтылған. Елімізде ҮЕҰ секторын мемлекет тарапынан қолдаудың келесідей механизмдері қалыптасып, жұмыс істейді, ол: мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, гранттық қаржыландыру және сыйлықақылар», -деді Нұрлан Ермекбаев.

Оның сөзіне қарағанда, ұсынылған заң жобасы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, гранттық қаржыландыру және сыйлықақылар саласындағы заңнаманы жетілдіру мақсатындағы ҚР Үкіметінің Заңды жобалау жұмыстары жоспарына сәйкес әзірленді. Құжат нормаларын әзірлеу барысында ең озық тәжірибелер есепке алынды. Ұлыбритания, Канада, АҚШ, Польша, Франция мен Хорватия сияқты елдердің халықаралық тәжірибесі зерделенді. Мысалы, Ұлыбританияда мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптарын қалыптастырмай тұрып, нақты аймақтардағы көкейкесті әлеуметтік мәселелер анықталады.

«Шетелдерде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің маңызды аспектісі ол - есеп беру. Өйткені қоғам осы деректердің көмегімен үкіметтік емес ұйымдар қызметінің мәнін түсінеді. Жұмыс тобының отырыстары аясында заң жобасындағы нормаларды нақтылау мен жетілдіру мақсатында депутаттар бірқатар түзетулерге бастамашылық етті.

Заң жобасында«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексіне және 5 заңға өзгерістер_мен толықтырулар енгізіледі. Заң жобасының негізгі міндеттері мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуын жетілдіруге бағытталған», - деді министр.

ҚазАқпарат

Жарияланды: 31 қаңтар 2018

Мұрағат

Қаңтар
2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту