ҚР Парламенті салықтың екі есе салынбауына мүмкіндік беретін Қазақстан мен Әзербайжанның Үкіметтері арасындағы конвенцияға енгізілетін өзгерістерді ратификациялады.

Сенат депутаттары алдында заң жобасы туралы сөз сөйлеген қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, аталған құжат ақпарат алмасуды кеңейту жолымен екі мемлекеттің салық қызметтерінің ынтымақтастығын дамытуға мүмкіндік береді.

«Екіншіден, салықтан жалтарулар мен конвенция ережелерін теріс пайдаланулар болған кезде ішкі заңнаманы қолдануға жол ашады. Сондай-ақ, Хаттамада «Қазақстан» және «Әзербайжан» (ҚР СІМ ұсынған редакцияға сәйкес) терминдеріне өзгерістер енгізілді, салықтардың атаулары жаңартылды (салықтардың ескірген атаулары екі мемлекеттің де қолданыстағы салық заңнамаларына сәйкес заманауи атауларға өзгертілді), уағдаласушы мемлекеттердегі резиденттікті анықтауды реттейтін баптың ережелері нақтыланып, басқа да өзгерістер енгізілді», - деді министр.

Бақыт Сұлтанов өз сөзінде екі мемлекет арасында салық салу мәселелерінде заңнамалық база ретінде осы Хаттаманың рөлі маңызды екенін атап өтті.

«Бұдан басқа Әзербайжанмен өзара сауда-саттық туралы статистикалық деректерге тоқталып өткен жөн. Соңғы 10 жылда Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы тауар айналымы 3,2 млрд АҚШ долларын құрады. Қазақстандық экспорттың негізгі баптары бидай, битум тектес түрлерінен алынған шикі мұнай өнімдері және темірден жасалатын тегіс илем болып табылады», - дейді ол.

Министр сонымен бірге соңғы 10 жылда Әзербайжаннан Қазақстан Республикасына инвестиция 168,7 млн АҚШ долларын құрағанын жеткізді.

«Хаттаманы іске асыру мемлекеттік бюджеттен қаржылық шығындарды талап етпейді», - деп түйді министр.

ҚазАқпарат

Жарияланды: 15 ақпан 2018

Мұрағат

Ақпан
2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту