Қазақстанда 2017 жылы терроризмді насихаттайтын 9 мыңға жуық сайттың жұмысы тоқтатылған. Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлім етті.

Алқа мәжілісінде сөз сөйлеген министр 2017 жылдың 28 желтоқсанында Президенттің ақпарат және коммуникациялар жөніндегі заң жобасына қол қойғанын атап өтті.

«Бұл заң біздің азаматтардың құқығын қорғаудың механизмдерін күшейтеді. БАҚ саласына, байланыс операторларының жұмысына қатысты талаптарды оңтайландырады», - дейді министр.

Дәурен Абаевтың айтуынша министрлік ақпараттық кеңістікте тиісті заңның сақталуын қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастырмақ.

«Өткен жылы терроризм мен діни экстремизмді, суицид, зорлық-зомбылықты насихаттайтын 9 мыңға жуық сайттың жұмысы тоқтатылды. Әлеуметтік желілерде осы сарындағы 230 мың материал жойылды», - деді министр.

ҚазАқпарат

Жарияланды: 16 ақпан 2018

Мұрағат

Ақпан
2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту