Халықаралық жүк тасымалына жұмылдырылған Қазақстан кемелері өздерін ақтап келеді. Бұл туралы Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында Инвестициялар және даму вице-миинистрі Роман Скляр мәлім етті.

Бүгін «Теңіз кеме қатынасы қауіпсіздігіне қарсы бағытталған заңсыз іс-әрекеттермен күрес туралы конвенцияға 2005 жылғы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы талқыланды.

Роман Склярдың сөзіне қарағанда, Хаттама лаңкестік деп танылатын әрекеттердің тізімін кеңейтеді. Кемелерге шабуыл жасалған жағдайда жедел әрекет ету мен көмек көрсету тетіктерін анықтайды.

«2005 жылғы Хаттама біз үшін өте маңызды, Қазақстанның сауда кемелері ашық теңіздердегі порттарға дейінгі бағыттарды белсенді түрде игере бастады. Жалпы, бүгінде еліміздің флоты құрамынада 300-ден астам кеме бар, оның ішінде 12-сі халықаралық сапарларға шығады. Өткен жылы отандық кемелер елеулі көлемде жүктерді тасымалдады», - деді Р. Скляр.

Осы орайда былтыр Ақтау портынан Түркияға қажетті жүктер жеткізілген екен.

Оның сөзіне қарағанда, сонымен қатар Қара теңізде 2 танкер мұнай тасымалына тартылған. Алдағы жылдары алыс сапарларға шығатын кемелер саны артады деген жоспар бар. Сәйкесінше, жүк айналымы артып, бұл салаға тартылғандардың табысы жоғарыламақ.

«Биылдан бастап 2022 жылға дейін Балтық теңізінен Ақтау портына мұнай-газ жобаларына жабдықтарды тасымадау жоспарланып отыр. РФ тарапымен болған уағдаластық арқасында қазіргі кезді біздің кемелер үшін Ресейдің ішкі су жолдарында жеңілдетілген транзиттік тәртіп енгізілді», - деді вице-министр.

Белгілі болғандай, бүгінде 40-тан астам мемлекет құжаттың қатысушысы болып отыр әрі олардың ішінде Қара теңіз бен Балтық теңізі маңындағы барлық мемлекет бар. Хаттаманы ратификациялау ашық теңізде жүзетін отандық кемелердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құқықтық кепілдіктерін күшейтуге ықпал етеді.

ҚазАқпарат

Жарияланды: 19 ақпан 2018

Мұрағат

Ақпан
2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту