Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен 09.02.2018 ж. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысының арнайы экономикалық аймақтарды дамыту бойынша берген тапсырмаларының орындалуы мәселелері жөнінде кеңес өтті.

Кеңес аясында АЭА негізгі көрсеткіштері мен олардың тиімділігін арттыру шаралары қаралды.

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың тапсырмаларының орындалуы және жұмыс жоспарлары туралы ҚР инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек, Маңғыстау облысы әкімі Е. Тоғжанов, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж. Түймебаев, Алматы облысының әкімі А. Баталов, Атырау облысының әкімі Н. Ноғаев, Жамбыл облысының әкімі А. Мырзахметов, Павлодар облысының әкімі Б. Бақауов, Қарағанды облысының әкімі Е. Қошанов және Астана қаласы әкімі Ә. Исекешев, Алматы қаласының әкімі Б. Байбек баяндама жасады.

Бұдан өзге, жұмыс істеп тұрған АЭА-ларды толтыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы өз бағыттары бойынша энергетика министрі Қ. Бозымбаев, ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов, қаржы министрі Б. Сұлтанов және арнайы экономикалық аймақтардың басқарушы компанияларының басшылары сөз сөйледі.

Анықтама: Қазақстанда 11 арнайы экономикалық аймақ жұмыс істейді. АЭА аумағында барлығы 165 жоба іске қосылды, 13 мың жұмыс орны құрылды. АЭА жобаларына тартылған инвестиция көлемі 787 млрд теңгені құрайды.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 19 ақпан 2018

Мұрағат

Ақпан
2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту