Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда педагогтардың сапалық құрамы артты. Бұл туралы Мәжілісте Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің және «Нұр Отан» партиясы фракциясы жанындағы әлеуметтік кеңестің бірлескен отырысында ҚР БҒМ вице-министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті.

Отырыс барсында мұғалім мамандығының беделін көтеру мәселесі талқыланды.

«Білім беру жүйесінде 285 педагог қызмет етеді. 1991 жылмен салыстырғанда педагогтардың сапалық құрамы айтарлықтай артты. Жыл сайын білімін жетілдірген, яғни жоғары білімді педагогтардың саны жоғарылап келеді. Егер де 1991 жылы олардың саны 66 пайыз болса, бүгінде бұл көрсеткіш 90 пайызға жеті. Мұнымен қоса, бірінші әрі жоғары санатты иеленген педагогтардың үлесі 50 пайыз деңгейінде. Бұл өз кезегінде педагог кадрлардың сапалық дамуын көрсетіп отыр», - деді Аймағамбетов.

Оның сөзіне қарағанда, 2014 жылы мұғалімдер арасында 1800 магистр болса, қазіргі кезде олар 4 мыңнан асты. Жыл сайын жалпы білім беретін мектептерге 10 мыңға тарта жас мұғалім келеді.

Асхат Аймағамбетовтың атап өтуінше, 2017-2018 жылдары «Білім» бағыты бойынша 8129 грант бөлініп, биыл 756 «Алтын белгі» иегерлері грантпен білім саласына таңдау жасады. Соңғы үш жылда педагогикалық мамандықтарға түскендердің ҰБТ бойынша орташа баллы өскен. Егер де 2015 жылы бұл көрсеткіш 81 болса, 2017 жылы 94-ке жетті.

ҚазАқпарат

Жарияланды: 20 ақпан 2018

Мұрағат

Ақпан
2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту