Бизнестің дамуындағы тосқауылдардың бірі - сыбайлас жемқорлық. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев айтты.

«Кәсіпкерліксіз кез келген мемлекеттің дамуы мүмкін болмайтыны анық. Сондықтан Қазақстанда кәсіпкерлікті дамыту үшін бизнес-климатты жақсарту, рұқсат беру жүйесін жетілдіру, мемлекеттік бақылау-қадағалау қызметін оңтайландыру рәсімдерін оңайлату бойынша түбегейлі шаралар қабылдануда. Елбасы кәсіпкерлік саласына ерекше назар аударып, оны еліміздің одан әрі дамуының басым бағыттарының қатарына енгізуді жалғастыруда», - деді агенттік басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі екінші республикалық кәсіпкерлер форумы барысында.

Оның атап өтуінше, аталған мақсатта 2017 жылғы 27 қарашада Президент бизнес жүргізудің оңайлығы бойынша өңірлер мен қалалардың рейтингін құру және оның нәтижесі бойынша арнайы сыйлықпен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды. Сонымен қатар, Елбасы өзінің биылғы Жолдауында бизнес-ортаның дамуын түбегейлі жақсартуды және кеңейтуді тапсырды.

«Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, бизнестің дамуындағы тосқауылдардың бірі - сыбайлас жемқорлық. Осыған байланысты кәсіпкерлікті дамыту мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы міндеттер бір-бірімен тығыз байланысты деп айтуға болады. Тура үш жыл бұрын біз Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны қабылдап, оның шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы толықтай қайта қарастырдық. Бұл қоғамның барлық деңгейімен, соның ішінде бизнес субъектілерімен байланысты қалыптастыруға мүмкіндік берді. 1-ші Кәсіпкерлер форумының қорытындылары оң нәтижелерін беруде. Аталған формат дәстүрлі болатынына және бүгінгі форумды өткізу бизнес саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа бастамаларға бастау болатынына сенімім мол», - деді Алик Шпекбаев.

ҚазАқпарат

Жарияланды: 28 ақпан 2018

Мұрағат

Ақпан
2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту