ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мұнай өндіру көлеміне қатысты болжам жасады.

"Биыл бес айдың қорытындысы бойынша республикада мұнай өндіру көлемі 37,7 млн тоннаны құрады. Бұл өткен жылдың аталған кезеңімен салыстырғанда 6,5 процентке артық. Жалпы, жылдың қорытындысы бойынша 87 млн тоннадан артық болады деген жоспар бар. Қазірдің өзінде ол жоспарды артығымен орындап келеміз", - деді Қ.Бозымбаев бүгін қоғамдық кеңес алдындағы есеп беру кездесуінде.

Министрдің айтуынша, мұнай өндіру көлемі Қарашығанақ, Қашаған мен Теңіз сияқты ірі кен орындары арқасында артып отыр. Аталған тендеция сақтала береді. Соның арқасында 2025 жылға дейін мұнай өндіру көлемі 104 млн тоннаға жететін болады.

"Ол үшін барлық ірі жобаларда тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Мәселен, 2024 жылға дейін Қашаған кен орнын кеңейтудің нәтижесінде мұнай өндіру 13 млн тоннадан 16 млн-ға артады. Қарашығанақта бірнеше жоба бар. Ал Теңіз кен орнында 2022 жылдан кейін мұнай өндіру көлемі 26 млн тоннадан 39 тоннаға көбейеді", - деп атап көрсетті ведомство басшысы. 

ҚазАқпарат

Жарияланды: 31 мамыр 2018

Мұрағат

Мамыр
2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту