Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов, ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев электрондық коммерцияны дамыту мәселелері жөнінде баяндады.

Тимур Сүлейменовтың айтуынша, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы мен Электрондық сауданы дамытудың жол картасы аясында негізгі іс-шараларды жүзеге асыру басталған уақыттан бері оң үрдіс байқалады.

Ресми статистика деректеріне сәйкес, 2017 жылы ҚР электрондық сауда нарығының көлемі 106,9 млрд теңгені құрады. Бұл бөлшек тауар айналымы жалпы көлемінің 1,2%, өсім — 36,2%. «Қазпошта» АҚ жедел деректері бойынша, 2018 жылдың 5 айындағы электрондық сауда нарығының көлемі 101 млрд теңгені немесе бөлшек тауар айналымының жалпы көлемінің 2,9%-ын құрады.

Тимур Сүлейменов 2018 жылдың басынан бері 110 жаңа электрондық сауда субъектілері тіркелгенін айтты. Нарықта 1658 интернет-дүкен жұмыс жасайды, сатып алушылар саны 5% өсті. Аталған салада 71,6 мың адам жұмысқа орналасты.

Цифрлық қаржы қызметтерін дамыту мақсатында Ұлттық банк ұялы телефонды пайдалану арқылы жылдам төлем жүйесінің жобасын әзірледі. Аталған жүйенің мақсаты — онлайн режимде жеңілдетілген реквизиттер бойынша банкаралық төлемдер үшін ыңғайлы және қолжетімді құралды қамтамасыз ету. Жүйені пилоттық режимде 2018 жылғы тамызда тестілеу жоспарланған.

Мамырда «электронды әмиян» жобасы іске қосылды, ол ұялы байланыс қызметтеріне ақы төлеуге арналған.

2018 жылдан бастап логистиканың инфрақұрылымын дамыту үшін Fullfilment орталығы — логистикалық хабтар мен сұрыптау орталықтарын құру жұмыстары басталды. Бірінші орталық Астанада биыл сәуір айында іске қосылды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр. Өңделген жөнелтілімдер санын 20%-ке 5,148 млн-нан 6 млн-ға дейін ұлғайтып, Қазақстанға жеткізілу уақытын 15 күннен 6 күнге дейін және 1 күнге дейін белгілі бір бағыттар бойынша экспресс-пошта арқылы қысқарту көзделген.

Ұлттық экономика министрлігі «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу туралы өзгерістер енгізу туралы» заң жобасын әзірледі, ол ұғымдық аппаратты жүйелеуге және электрондық сауданы құқықтық реттеу тетіктерін әзірлеуге бағытталған. Заң жобасын қабылдау электрондық сауда субъектілерінің қарым-қатынастарын реттеуге, тұтынушылардың және кәсіпкерлердің электрондық саудадағы құқықтарын қорғауды арттыруға мүмкіндік береді.

Заңнамалық базаны жетілдіру аясында жаңа Салық кодексінде «интернет-дүкен», «интернет-алаң», «тауарлардың электрондық саудасы» түсініктері анықталды. Электрондық сауда саласындағы корпоративтік және жеке табыс салығын төлеуден түсетін кірістерден босатуға қатысты салықтық жеңілдіктер күшіне енді. Ұлттық экономика министрінің айтуынша, аталған шаралар электрондық сауда субъектілерінің санын көбейтуге және жаңа субъектілерді тіркеуге, көлеңкелі айналымнан шығаруға ықпал етеді.

«Жалпы, электрондық сауда саласында жүргізіліп жатқан іс-шаралар экономиканың басым салаларының бірі ретінде сауда саласын одан әрі дамытуға мүмкіндік береді. 2022 жылға қарай электрондық сауда үлесін 2,6%-ке дейін ұлғайту және 200 мың жұмыс орнын құру жоспарланып отыр», — деді Т. Сүлейменов.

Ақпарат және коммуникациялар министрі Д. Абаевтың айтуынша, электрондық сауданы, қаржылық технологияларды және қолма-қол төлемді дамыту — «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының басты бағыттарының бірі.

Ақпарат және коммуникациялар министрлігі «Зерде» холдингімен, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен, «Қазпошта» АҚ-мен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, оқыту бағдарламаларын әзірледі.

30 мамырдағы жағдай бойынша «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының 37 шығарылымы шықты. «Digital Kazakhstan» телебағдарламасының 22 шығарылымы тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын және құрылыс секторын цифрландыруға, электрондық коммерцияны дамытуға қатысты жан-жақты ақпарат берді.

Заманауи телекоммуникациялық инфрақұрылымды құру нәтижесінде, елімізде интернетті пайдаланушылар саны 2017 жылы 78,8% жетті. 2021 жылға қарай ауылды елді мекендердің басым бөлігін кең жолақты интернетпен қамту көзделген.

«Жоғарыда аталған шараларды жүзеге асыру арқылы инфокоммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға жол ашылады. Бұл электрондық коммерцияны жан-жақты дамытуға жағдай жасайды», — деп түйіндеді Д. Абаев.

Электрондық коммерцияны дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы мәселені қарау барысында ҚР Ұлттық банкі басқарма төрағасының орынбасары Ж. Құрманов, «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы С. Сәрсенов, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы А. Мырзахметов сөз сөйледі.

Өңірлерде онлайн сауданы дамыту қарқыны туралы Ақтөбе облысының әкімі Б. Сапарбаев пен Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев баяндады.

Мәселені қарау қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев электрондық коммерция «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының басым міндеттерінің бірі ретінде анықталғанын атап өтті.

«Бүгінгі баяндамалар болашақ электронды коммерциямен тығыз байланысты екенін дәлелдеді. Мемлекеттік бағдарламаны қабылдау кезінде 2022 жылға қарай аталған салада 200 мың жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарладық. Осы жылдың бес айының өзінде 40 мың жұмыс орны ашылды. Бұл онлайн сауданың үлкен әлеуетін көрсетеді. Еліміздің транзиттік әлеуетін пайдаланып, бұл саланы дамытуға ұмтылып жүрген әкімдерге қолдау көрсету қажет», — деді Б. Сағынтаев.

Бақылау жұмыстары Премьер-Министрдің орынбасары А. Жұмағалиевке жүктелді.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 05 маусым 2018

Мұрағат

Маусым
2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту