ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Қазақстанның 7-ші азаматтық форумының ұсынымдарын іске асыру туралы дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаев баяндады.

Д. Кәлетаевтың айтуынша, 2017–2018 жылдарға арналған VІІ Азаматтық форум ұсынымдарын орындау бойынша іс-шаралар жоспары ҮЕҰ ұсыныстары негізінде әзірленген. Жалпы, Жоспардың 53 тармағының 18 орындалып, 35-і жүзеге асу үстінде.

ҮЕҰ-мен бірге және үздік халықаралық тәжірибені (Ұлыбритания, Канада, АҚШ, Польша, Франция және Хорватия) есепке ала отырып, коммерциялық емес ұйымдар қызметі бойынша заң жобасы әзірленіп, Сенаттан оң қорытындысын алып, Мемлекет басшысына қол қоюға ұсынылды. Заң жобасы азаматтық сектордың қажеттілігін және белсенді қатысуын зерделеу негізінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру процестерін белгілейді.

Форум ұсынымдары аясында волонтерлік қызмет бойынша нормативтік база құрылды. ҚР волонтерлік қызметті дамыту бойынша 2018–2020 жылдарға арналған Жол картасы бекітілді.

Ұсынымдардың біршама бөлігі қоғамдық кеңестердің қызметіне қатысты. Биыл кеңестердің «бірінші шақырылымының» өкілеттік мерзімі аяқталады. Осы кезеңде нормативтік базаны пысықтау жөнінде кеңестерден, ҮЕҰ мен халықаралық ұйымдардан көптеген бастамалар келіп түсті. Жаңа үлгілік ереже әзірленді. Сонымен қатар, ҚР ДІАҚМ қоғамдық талқылауға ұсынуды жоспарлап отырған заңнамалық түзетулер пакеті әзірленді.

«Ұсынымдарды жүзеге асыру мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс көлемін екі еседен астамға, гранттық қаржыландыруды шамамен бес есеге, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыратын өңірлік мемлекеттік органдардың санын бір жарым есеге арттыруға жол ашты», — деді Д. Кәлетаев.

Әлеуметтік жобаларға бизнестің қатысуын кеңейту мақсатында ASAR үшжақты ынтымақтастық платформасы құрылды.

Бұдан өзге, қалыптастыру, бағалау және стандарттаудың жаңа тетіктерін енгізу арқылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қызметтерінің сапасын арттыру бойынша бірқатар жүйелі іс-шараларды жүзеге асыру ұсынылады.

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мемлекеттік саясатты ілгерілету және оны жүзеге асыру үшін азаматтық сектордың, оның ішінде ауылдық жердің әлеуетін арттыру бойынша шаралар қабылдауды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, ДІАҚМ әрбір мемлекеттік органда «азаматтық сектормен өзара іс-қимыл бойынша уәкілді» тағайындау мәселесін пысықтауды және ҮЕҰ жұмыс істеудің негізгі тетіктері бойынша мемлекеттік қызметкерлер үшін сапалы және жүйелі оқыту компоненттерін жақсарту бойынша шаралар қабылдауды ұсынады.

«Биыл күзде өткізілетін VII Азаматтық форумның күн тәртібін әзірлеуде әлемдік кеңістіктегі азаматтық қоғамның даму трендтері негізге алынды», — деді Д. Кәлетаев.

Мәселені қарау барысында Almaty Management University президенті А. Қожахметов те сөз сөйледі. Ол коммерциялық емес секторды дамыту және азаматтық белсенділік саласындағы тәжірибесімен бөлісті.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев мәселені қарау қорытындысы бойынша Министрліктің VII Азаматтық форумының ұсынымдарын орындау тәсілдеріне қолдау білдіріп, министрліктер мен өңірлердің әкімдеріне Қазақстанның VII азаматтық форумын ұйымдастыру мен өткізуге қатысты мәселелерді сапалы шешу және белсенді түрде қатысу бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 05 маусым 2018

Мұрағат

Маусым
2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту