Петропавлда ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Маминнің төрағалығымен Солтүстік Қазақстан облысын дамыту жөніндегі Жұмыс тобының отырысы өтті.

А. Мамин Мемлекет басшысының Солтүстік Қазақстан облысын одан әрі дамыту жөніндегі тапсырмасын орындаудың маңыздылығына тоқталды. Облысты әлеуметтік-экономикалық дамыту мәселесін жан-жақты талқылап, тиісті шешімдер қабылдау үшін мемлекеттік органдардың қатысуымен Жұмыс тобы құрылды.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың айтуынша, өңірді әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2018–2021 жылдарға арналған Кешенді жоспарының жобасы әзірленген. Жоба 12 бағытты қамтиды. Оның ішінде әлеуметтік нысандар құрылысы, көлік және инженерлік коммуникацияларды дамыту, агроөнеркәсіп кешенінің өңдеу қуатын көтеру, қорғаныс кешені кәсіпорындарын жаңғырту көзделеді. Жалпы алғанда 64 шараны жүзеге асыру қарастырылған. Ол арқылы шамамен 14 мың жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. СҚО дамытудың кешенді жоспары 300 млрд теңгеден астам инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды қамтиды.

Жұмыс тобының отырысы барысында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде ұлттық экономика вице-министрі А. Жұмағұлов, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б. Атамқұлов және басқа да мемлекеттік органдардың басшылары баяндады.

«Солтүстік Қазақстан облысын 2018–2021 жылдарға арналған Кешенді дамыту жоспарын жасау – Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевтың тікелей тапсырмасы. Аталмыш құжатты жүзеге асыру СҚО-ны әлеуметтік-экономикалық дамытуға зор серпін беріп, тұрғындардың өмір сүру сапасын көтереді», — деп атап өтті А. Мамин.

Жұмыс тобының отырысын қорытындылай келе, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары ұлттық экономика министрлігі мен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі бірлесе отырып, жоғарыда айтылған пікірлерді ескеріп, 2018–2021 жылдарға арналған Кешенді жоспардың жобасын әрі қарай толықтырып, белгіленген тәртіппен Үкімет қарауына шығаруды тапсырды.

Петропавл қаласында А. Мамин халықаралық әуежайды жаңғырту жұмыстарымен, Оқушылар сарайы және «Петропавл – Челябинскіге шығу» М-51 автокөлік жолын реконструкциялау жұмыстарымен танысты.

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары «Қазтехмаш» ЖШС кәсіпорнында неміс концерні CLASS негізінде жақында ашылуы жоспарланып отырған ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыру зауытында болды.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 29 маусым 2018

Мұрағат

Маусым
2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту