2018 жылғы 3 шілдеде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен екінші Kazakhstan Global Investment Roundtable (KGIR-2018) өтеді.

KGIR-2018-ге 650-ден астам ірі әлемдік компаниялардың және отандық бизнестің, мемлекеттік органдардың өкілдері, әлемдік саясаткерлер, сарапшылар, халықаралық ұйымдардың және дипломатиялық корпус өкілдері қатысады.

Шараның негізгі мақсаты — Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін ұсыну, Қазақстанның инвестициялар, экономикалық даму және бәсекеге қабілеттілікті арттыру саласындағы саясатын талқылау.

Инвестицияларды тарту үшін экономиканың мынандай маңызды салалары талқыланады:

Жекешелендіру.

Агроөнеркәсіптік секторды дамыту.

Цифрландыру.

Энергетика.

Инфрақұрылым және логистика.

АХҚО

Шара бағдарламасы «Қазақстан жаңа сын-тегеуріндерді қарсы алады» пленарлық отырысынан, мына тақырыптар бойынша дөңгелек үстелдер өткізуден тұрады:

«Әртараптандырылып жатқан экономика үшін жаңа нарықтар құру»,

«Еуразия аймағының логистикалық әлеуеті»,

«Қазақстанның энергетикалық әлеуеті — дамудың жаңа кезеңіне инвестициялар»,

«Еуразиялық цифрландыру күн тәртібі — Индустрия 4.0 инфрақұрылымын дамыту».

Бұдан өзге, KGIR-2018 алаңында үкіметтік брифингтер ұйымдастырылады:

«Қазақстанда жекешелендіру бағдарламасының тиімділігін арттыру»,

«Агроөнеркәсіп: Жаңа жібек жолының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету» және

«Металлургия және тау-кен өнеркәсібінің мүмкіндіктері», сонымен қатар

АХҚО-ның «Астана халықаралық қаржы орталығы — Еуразиялық қаржы нарықтарына кіру» атты презентациясы.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 29 маусым 2018

Мұрағат

Маусым
2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту